Алматы. 13 мамыр. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Заманауи жеткіншектерді ата-анасына темекі мен сырадан басқа дүниелерден қорғауға тура келуде. Тәуелділікті вайптар, энергетикалық сусындар, тіпті, смартфондар да тудыра алады. Бұл қаншалықты қауіпті және балаңызды қалай қорғауға болатыны туралы ҚазТАГ агенттігіне психология ғылымдарының докторы, профессор Раушан Кәрімова айтып берді.
- Раушан Бейдәліқызы, бұған дейін жасөспірімдердің темекі шегуі немесе алкогольді ішімдікке әуестігі проблема болып есептелетін. Кейін ойынға деген тәуелділік шықты. Бүгінде жасөспірімдердің ата-аналары вайптармен, энергетикалық сусындармен және әлеуметтік желілермен күресуге мәжбүр. Осы дүниелерді тәуелділік деп атауға бола ма?
- Иә, әрине, оның үстіне бұл аса қауіпті, себебі қызығушылық сынды сезімге негізделген терең процестерді қозғайды.
Вайптар туралы әңгімелерді тыңдайтын болсақ оларды соншалықты қауіпті деп ойламайсың, алайда жасөспірімдердің оны тұтынғаннан кейінгі түрін көретін болсаң, олардың қандай күйге түсетінін көрсең қауіпсіз дүние емес екеніне көзің жетеді, вайп үшін сұйықтыққа сатып алушының сұрауы немесе оған ескертпестен бірнәрсе қосылатын сияқты көрінеді. Ал вайптың иісімен бетпе-бет келгенде ол аса қауіпті екенін еріксіз түсінесін.
Бүгінде марихуана кеңінен тараған. Еуропалық елдерде, Америкада марихуананы «медициналық мақсатта» қолдануға рұқсат берілген. Бұл бізге де жайлап келуде деуге болады, осылайша жастарымызды оны тұтыну қалыпты жағдай екеніне үйрететін боламыз. Осы ретте, мектептің, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, сынып жетекшісінің үлкен жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл біздің уақытты жіберіп алып, балаларымыздан айырылып қалмас үшін керек.
Енді энергетикалық сусындар туралы айтсақ. Менің есептеуімше, энергетикалық сусындарды алкогольді ішімдіктерге теңестіру керек. Олардың өте зиянды химиялық құрамы туралы көптен бері айтылып келеді, олардың құрамында бауырға зиян келтіретін компаненттер бар, сонымен қатар иммунитетті де төмендетеді, қысқасы олар зиянын тигізгеннен басқа ештеме істемейді. Тағы бір мәселе, бізде энергетикалық сусындардың мәдениеті қалыптасуда, көптеген мәдени-жаппай шараларда жарнамалар орналастырылады және онда энергетикалық сусындар қолжетімді. Ал, жастарымыз болса өзін-өзі көрсету үшін міндетті түрде сусын ішуі керек деп есептейді. Бұл ретте экономикалық құрамы күшіне енеді, оның артында өндірушілер бар. Осы мәселеде мектеп психологтары мен ата-аналар қауымдастығының араласуын қажет етеді.
Үлкен мәселенің бірі ата-анамен жұмыс істейтін ешкім жоқ. Ұстаздар мектепте, дәрігерлер жүгінген кезде ғана жұмыс істейді. Нәтижесінде ата-аналар қауымдастығы сауатсыз болып қала береді. Олар өздігімен білімдерін жетілдіргісі келмейді және заманауи балалар бәрін онсыз да біледі деп есептейді.
- Вайптар мен энергетикалық сусындар миға қалай әсер етеді?
- Барлығы құрамына байланысты. Құрамында иісі жағымды зиянды зат болуы мүмкін. Вайп сұйықтықтарына қалаған нәрсені қосуға болады. Егер фармакөшірмелер тексерілетін болса, вайп сұйықтықтарына келгенде бұл процесс мүлдем қадағылаусыз. Уландырғыш зат тазартылуына байланысты түрлі әсер етуі мүмкін, оның қайда және қалай өндірілгені де маңызды, нәтижесінде уытты ми дертіне алып келуі де мүмкін. Олардың салдары тазартылмаған спиртті тұтынғанмен бірдей болуы мүмкін.
Энергетикалық сусындарға байланысты жағдайда барлық соққыны бірінші кезекте өзіне бауыр алады, алайда құрамындағы заттарға байланысты тіпті адамның миына да әсер етуі мүмкін. Сорақысы сол, барлық уландырғыш заттар бас ми қабығына, нейрондерге, адамның ақыл есіне, жағдайды бағалау қабілетіне, барлық жоғары психикалық функцияларға әсер етуі мүмкін.
- Қайсысы қауіптірек: сыра, темекі немесе вайптер мен энергетикалық сусындар ма?
- Көп көлемде сыра да, темекі де адам ағзасы үшін өте қауіпті, жас ағза үшін тіптен қауіпті. Бастысы темекі шегіп, сыра мен энергетикалық сусындарды ішу уақыт өткізудің негізгі маңызды бөлігіне айналмауы керек. Сыра, темекі және өзге де зиянды заттарды тұтыну жүйелі түрде жалғасатын болса, онда ол үлкен тәуелділікке алып келуі мүмкін.
- Бұл тәуелділік қарапайым жаман әдеттен немен ерекшеленеді?
- Жаман әдет – бұл адам бірнәрсемен бос уақыты пайда болғанда айналысатын дүние. Мысалы, адам қолы бос болып, істейтін жұмысы болмағанда темекі тарту есіне түсіп кетеді. Ал, тәуелділік – темекі тартуға немесе ішуге деген ауыздықтауға келмейтін құштарлық. Ол жұмысты, өмірлік қызығушылықтарды, барлық өмірлік процестерді шайып кетеді, тек сол ләззәтті алуға жетелейді.
- Бұл тәуелділіктен нарколог маманның көмегінсіз арылуға бола ма? Мысалы, жасөспірімді бір пайдалы іске айналдыру арқылы?
- Әрине, дәл осыдан бастау керек. Менің есептеуімше, барлық тәуелділіктер мен жаман әдеттердің себебі баланың бос болуы, уақытын қызықты өткізетін мотивацияның болмауы, өмірлік ұстанымдарының болмауы және оны қоятын ересектердің жоқтығы. Кейбір ата-аналар балаларының барлық жағдайын жасап қояды және осыны жеткілікті деп есептейді. Ал, бала барлығынан жалығып кетуі мүкін. Сол кезде ол басына бәле іздей бастайды, ішіп көреді, темекі тартады және осы жаңа ермек барлығын шайып кетеді. Бұл аса қауіпті, бірінші кезекте баламен тіл табысуға тырысу керек, оның назарын басқа маңызды дүниелерге аударып, көңілін бөлген жөн.
- Жасөспірім вайптан бастап, есірткімен аяқтауы мүмкін бе?
- Әрине. Адамның сезімталдылық шегі бар, егер ол сол шектен асатын болса ол одан да көп көлемді, яғни дозаны қажет етеді. Темекі мен алкогольді ішімдікке байланысты жағдай да осындай. Егер адам құрамы үлкен химиялық релаксты тудыратын вайптың дәмін татып көрсе, оның сезімталдылық шегі одан әрі асып, ол одан да күшті затты қажет ете бастайды. Осындай жағдайда вайптан есірткіге көшу жеңілірек, бұл вайптан есірткіге апаратын төте жол десе болады.
- Бүгінде алматылық Арбатта синтетикалық есірткіні сататындар көп деген ақпарат тарап кеткен. Олар бір тұтынғаннан тәуелділікті тудыруы мүмкін бе?
- Мұнда ағзаның жағдайы маңызды. Егер жасөспірім әлсіз, иммунитеті төмен болса, онда тіпті жеңіл есірткінің өзі бір тұтынғаннан кейін тәуелділік тудыруы мүмкін. Дәл осыны есірткіні таратушылар пайдаланып келеді, олар алғаш тұтынатындарға осындай препараттарды ұсынады. Егер бала бақылаусыз, ата-анасымен эмоциялық байланысы жоқ болса, ата-анасымен және мектепте ешкіммен тіл табыса алмай жүрсе ол өзінің жағдайын есірткімен тұншықтыруға тырысады.
Бүгінде жастарды қалай болса да қызықтырып, есірткіге тәуелді етуге тырысуда. Есірткі таратушылар барлық үйлерде өздерінің белгілерін жазып кетуде. Бұл басқаруға келмейтін процесс – біреуін өшіріп тастасаң, екіншісін артынша жазып кетеді.
- Қандай белгілерге қарап жасөспірімнің есірткіге «отырып» алғанын ажыратуға болады?
- Әр есірткінің өзіне тән ерекшелігі бар – көзқарастың өзгеруі, ұйқының бұзылуы және т.б. Егер жасөспірімнің ертелі кеш телефонда немесе компьютерде отыратынын есепке алмайтын болсақ, есерткі тұтынғанның белгісі ұйқының бұзылуы – түнде ұйқысыздық, ал күндіз ұйқы сұрап, есінеп жүреді. Егер жасөспірімнің көңіл күйі құбылмалы болса, таңертен ашулы болса, таң атпастан бір жерге қарай жүгірсе, өзін-өзі басқара алмай қалса – бұл аса қауіпті белгілер, оған назар аударған жөн. Ата-аналар балаларының көңіл күйінің жоқтығына, қызығушылығының төмендеп кеткеніне, күні бойы жатып, біреу хабарласқанда алып ұшып жүгірсе, осындай дүниелерге назар аударуы керек. Есірткіні тұтыну игеруге келмейтін булимияны тудырады, тәбеттің жоғалуына – анорексияға алып келеді.
- Бір кездері интернетте аудиоесірткі – есірткі тұтынғандай әсерді тудыратын, ерекше шулар жазылған дабыстық файлдар кеңінен насихатталды. Осындай әсер шынымен де мүмкін бе?
- Әрине, мүмкін. Бұл музыкалық буддисттік және индуисттік дін тәжірибелер. Оларда релакс тудыратын дыбыстық жиіліктер бар, мысалы, бубн соққысы. Әрине, кез келген жасөспірім соншалықты сезімтал болмайды, алайда бұл мүмкін дүние. Жалпы, баяу музыканың өзі қарапайым адамда релакс тудыруы мүмкін. Дыбыстық деңгейдегі дүниелердің әсері қысқа мерзімді болып келеді. Алайда жеңіл есірткі тұтынатындардың кейбіреулері сол дыбыстық файлдарды трансқа бірден түсу үшін қолдануы мүмкін. Кейбір музыкалық құралдар мен визуалды образдар да транс тудыруы мүмкін.
- Темекі тартпайтын, ішімдік ішпейтін жап-жақсы жасөспірімдер бар, алайда олар телефон мен әлеуметтік желілерден бас көтермейді. Осыны тәуелділік деуге бола ма және ол қаншалықты қауіпті?
- Менің есептеуімше бұл – ақпараттық нашақорлық, оның үстіне аса қорқынышты. Егер есірткіні бір жерден тауып, сатып алуға тура келетін болса, мұнда ата-аналар балаға телефонды өздері береді. Алысқа кетпей, өзімен жағаласпай қасында отырса болды. Бала шынайы өмірден алыстап кетеді, барлық өмірлік қызығушылықтары мен қажеттіліктері азаяды, оқуға, дамуға деген құштарлығы төмендейді. Балалар телефонда немесе компьютерде отырады, ондағы түрлі ойындар ол үшін қызықтырақ бола бастайды. Бала ойынның соңына дейін жетпейінше тыным таппайды. Бұл қорқынышты.
Ұялы телефон барлық жасөспірімде бар, ол аздай бүгінде апалардың өздері сериалдарын алаңдамай көру үшін немерелеріне ұялы телефондарын береді. Сонымен алты айлық балаға телефон беріледі, ал ол әлі жарытып сөйлей де алмайды. Ал, бір жасар балалар ешқиындықсыз YouTube кіреді және ата-аналары оны мақтан тұтады. Ата-аналардың пайымынша, балаларға түрлі дамытатын бағдарламаларды қосу арқылы балаларын дамыта түседі- мыс. Шын мәнінде ешқандай даму жоқ, бала ойынға тәуелді болып қалады. Ойындар қалыптасқан үрдіс бойынша өте қарабайыр: қуып жет, тауып ал, өлтір және осының барлығы орынсыз әжуамен бірге жүреді.
Әрине, бүгінде есірткі – үлкен проблема, алайда ұялы телефон – одан да қорқынышты, себебі ол көзге көрінбейтін қауіп. Ештеме сатып алудың қажеті жоқ – қостың болды.
- Баланы бұдан құтқаруға бола ма?
- Болады және керек те. Баласының оқымайтынын көріп ата-аналар уайымға салынады. Кейде балалар бопсалайды – кішкентайлар айқайға салса, ересектері «телефон бермесең терезеден құлап өлем», «өзімді өзім өлтіремін», дейді. Сондықтан да телефонды алып қойған күнде де оған бір балама берген жөн. Балаңызбен қарым қатынасыңызды ретке келтіріңіз, бірге қыдырыңыз, концертке, театрға бірге барыңыз. Балаға өзін өзі дамытуға мүмкіндік беретін ойынды ұсынған жөн, Lego ең қиын үлгісін, кубиктер, сурет салу. Әр баланың бойында өзіне тән талант бар, оны ашу үшін қызығушылығын тудырған жөн. Егер телефонды тартып алып, оның орнына ештеме бермейтін болсаңыз нәтиже шықпайды. Бала бәрібір ата-анасын телефон беруге мәжбүрлейді.
- Қалай ойлайсыз, 16 жасқа толмағандарға вайптарды сатуға және әлеуметтік желіге кіруге заңды тұрғыда тыйым салған дұрыс па?
- Мен Францияда 12 жастан кіші балаларға смартфон қолдануға тыйым салынғаны және ата-аналар заңды жауапкершілікке тартылатыны туралы оқыған едім. Өзін өзі сыйлайтын көптеген елдерде смартфондарға тыйым салынған. Бізге де осыны жасау керек, оның үстіне міндетті түрде ата-аналар заңды жауапкершілікке тартылуы тиіс.
Ұлыбританияның беделді колледждерінде смартфондар жоқ. Білім алушыларда қарапайым телефон бар және ол ата-аналарымен байланысу үшін қажет. Олардың оқу процесі телефонда отыруға уақыт болмайтындай етіп құрылған – таңертең оқиды, содан соң қосымша сабақтары, мәдени, спорттық шаралары тағы бар. Олар үйлеріне келіп ертерек жатып ұйықтауға тырысады, таңертең ерте тұрады. Егер осы тәжірибені өзімізге алатын болсақ, өте жақсы болар еді. Біз де аналарымыз жұмыстан келгеннен кейін алаңсыз тамақ істеу немесе демалу үшін баласына телефонды өзі береді. Тіпті, өздері әлеуметтік желіде отыру үшін телефон беретіндер көп.
- Сұхбатыңызға рахмет!
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы АҚШ елшісі: Мен революция елшісі емеспін10 Ақпан 2021, 14:41
-
АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз30 Шiлде 2020, 08:42