ҚР-ның мемлекеттік тапсырыс бойынша алғашқы форумы қатысы бар мемлекеттік органдар мен компаниялар арасындағы кедергілерді көрсетіп берді

Күні: 20:01, 11-06-2019.

Алматы. 11 маусым. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Алматыда жұма күні Қазақстандағы мемлекеттік сатып алу бойынша алғашқы форум өтті, онда қатысы бар мемлекеттік органдарды компаниялардан қорғайтын кедергілер анықталды.
Баспасөз ақпарына сәйкес «мемлекеттік сатып алу саласындағы өкілетті органмен, бірыңғай оператормен, бір тараптан сотпен, екінші тараптан тапсырыс беруші және жеткізушімен диалог» ретінде жоспарланған ауқымды шара мамандардан кезектен тыс кеңес алуға тырысқандар мен көсемсіп ақыл үйреткіштердің шарасы болды.
Жалпы, түскі асқа үзіліс кезінде менің сұрақтарыма жауап бергендей, қысқасы өздеріңіз бағасын бере жатарсыздар.
«Әр сатып алу жеке қаралады. Өзінің талаптары болуы мүмкін. Ірі компаниялар мемлекеттік сатып алуға қатысатын жасықсыз қатысушылар тізіліміне енуде. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 3 бабында жазылғандай, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Азаматтық кодекс қос тарапқа да бірдей міндеттелген, екі жақ та заң талаптарын орындауға міндетті. Мұнда мәселе ірі немесе кіші компанияда болып тұрған жоқ. Міндеттемелер орындалуы керек», - деп жауап берді ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу комитетінің мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізу бойынша басқарма бастығының м.а. Ильдар Гайнутдинов «ҚазТАГ» ХАА-ның Қазақстанда жол, коммуникация құрылысына жуздеген миллиардттарды алатын және әбден танылған ірі мердігерлер санаты қалыптасты деген сұрағына.
Не себепті комитет қадағаламайды және сараптама жасамайды?
Оның айтуынша, егер міндеттемелер орындалмаса онда ірі компаниялар да аталған тізілімге енеді.
«Ірі компанияның кішірек компанияға қарағанда айрықша жеңілдіктері жоқ, талап бәріне бірдей», - деді ол.
Форумға қатысушылардың айтуынша, заңда барлық мәселе қамтылған сияқты, ал жеме-жемге келгенде барлығы басқаша түсіндіріледі деген мәлімдемеге ол былай жауап берді: «Адамдардың әр қалай түсінуі бұл қалыпты жағдай, себебі әркімнің өз ойы бар. Ал олардың барлығы (форумға қатысушылар - ҚазТАГ ) наразылықпен айтып жатқан мәселеге келетін болсақ... Білмеймін. Қарау керек».
Алматы қаласының ААЭС судьясы Зейнекүлтай Малдыбаева «ҚазТАГ»ХАА-ның «не себепті судьялар тендер нәтижесін, шот-фактуралар мен атқарылған жұмыстар актілерін жоққа шығармай жатып, барлық міндеттемелерді талапқа сай орындаған азаматтарды қылмыскерлер қатарына жатқызады»? деген сұраққа шамамен «Олай болуы мүмкін емес», деп жауап берді.
«Жеткізуші бәрін орындады, алайда оны жосықсыз деп тануда ма, осылай айтқыңыз келіп тұр ма?», - деп ол менің сұрағымды басқаша берді. Және де өз сұрағына өзі жауап берді: «Демек, өз міндеттемелерін толық орындағаны туралы дәйек ұсынбаған».
Алайда міндеттемелердің толығымен орындағанының өзі дәйек болмай ма деген сұраққа ол: «Олар атқарылған жұмыстар актісін өткізеді. «Мен, өз мінддеттемелерімді орындадым дейді». Тексере бастаймыз. Уақытылы жасамаған – бұл бір. Сипаттамада көрсетілмеген тұлға тауарды жеткізген. Осы ретте тапсырыс беруші аяғынан тік тұрады. Жеткізушілердің проблемасы – олар құжат бермейді».
Осындай жағдайда тендер нәтижесі жоққа шығарылыма деген сұраққа ол: «Жоқ, жеткізуші жосықсыз деп танылады. Ол міндеттемелерін орындамады».
Бұдан басқа, оның айтуынша, жеткізуші тұрақсыздық айыбын өндіріп алуы мүмкін.
Өзін таныстырмаған «Атамекен» ҰКП өкілі «не себепті палата ЖШС мен АҚ-ларға жақтасып ірі сот процесстеріне қатыспады, тек бизнестің болмашы мәселелерін айтып шектелуде» деген сұраққа «Атамекен» алматылық палатасының сатып алу және жергілікті қамтамасыз ету бөліміне қатысты сұрақтарына ғана жауап беретінін алға тартты. Ал ондай сұрақтар менде болмады.
Шындығына келетін болсақ, бұл уақытқа қарай менде ешқандай сұрақ болмады. Ешқандай. Оның үстіне олар керек те болмады. Себебі, ешкім ешқандай сұраққа немесе әрекеті мен әрекетсіздігі үшін жауап беруге құлықты емес еді.


Жаңалықтармен бөлісу: