Алматы. 20 қараша. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының (AERC) 1424 ауыл тұрғыны қатысқан «Халықтың жекелеген әлеуметтік осал санаты ретінде үкіметтің экономикалық күн тәртібіне енгізу үшін ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндігі» зерттеулерінің нәтижесі көрсетіп отырғандай, Қазақстан әйелдерінің 64%-ның ауылдағы өмірге көңілдері толмайды екен. Аталмыш зерттеу ҚазТАГ ХАА тілшісінің AERC басқарушы директоры Олжас Төлеуовпен сұхбатының басты тақырыбы болып отыр.
- Қазақстандық әйелдер үшін ешқайда кеткілері кепмейтіндей Қазақстанның қай өңірлері тым тартымды екен?
- Бірден айтайын, ауылдан кеткілері келмейтіндердің басым бөлігі Түркістан облысының тұрғындары болып шықты (85%). Бұл ретте оған қандай факторлардың ықпал еткендігі туралы нақтылық жоқ, мүмкін өңірде қазір құрылыстың белсенді жүріп жатқаны ма, әлде менталдылық немесе басқа жағдайлар ма.
- Сонда да әйелдердің мықты кеткілері келетін өңірлер бар ғой…
- Әлбетте, бар. Мысалы, әйелдердің жартысынан көбі (51,6%) Жамбыл облысынан, 42,5% -ы Павлодар облысынан, 46,4% -ы Батыс Қазақстан секілді өздерінің туған өңірлерніен көшкілері келеді.
- Оларға не кедергі?
- Зерттеу көрсеткендей, олардың көбі өз облыс аумағына емес, басқа өңірлерге көшкілері келеді. Тұрғылықты жерлерін ауыстырғылары келетіндер арасында әлеуетті ішкі көшіп-қонушылар көп: зерттеуге қатысқандардың 9,7%-ы өз өңірлерінің аумағында көшкілері келсе, 19,2% – басқа өңірлерге. Бұл ретте Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары ең тартымды бағыттар болып отыр. Ал сауалнамаға қатысқандардың 4%-дайы басқа елге көшкілері келеді. Ең танымал бағыт – Ресей, бұл ретте олардың көшуіне жинақтарының болмауы тосқауыл болып отыр.
- Қазақстандық әйелдердің негізінен не нәрсеге көңілдері толмайды?
- Біразы, яғни сауалнамаға қатысқандардың 64%-ы, кеткісі келетіндер, ауылдағы тұрмыс жағдайына көңілдерінің толмайтынын айтады. Сауалнама нәтижесі көрсетіп отырғандай, ауылда тұратын әр үшінші әйел тұрғылықты жерлерін ауыстырғылары келеді. Алайда көшкілері келетін әйелдердің тек 4%-ы нақты шешім қабылдаған. Сұхбатқа қатысушы респонденттер жиі атап өткендей, олардың көшуіне отбасының қаржылық жағдайы мен жеткілікті жинақтарының болмауы себеп болып отыр екен.
-Зерттеу анықтаған парадоксальды бақылау бар ма?
- Әрине, бар. Кеткісі келетін әйелдердің көңіл күйі қалғысы келетін ауыл әйелдерінен барынша ерекшеленеді. Көшкісі келмейтіндердің 42,2% және көшкісі келетін 38,8%-ы өмірге толық көңілдері толады. Оның үстіне көшкісі келетін әйелдердің көбі тұрмысымыз жақсарады деп ойлайды. Ал ауылда қалғысы келетіндердің басым бөлігі материалдық жағдайларының бұрынғыша болатынына сенетіндер.
- Және әйелдерді көшуге негізгі қандай факторлар итермелеп отыр?
- Алынған мәліметттерге сүйене отырып, AERC регрессивті талдау жүргізді.. Талдау нәтижесі көрсеткендей, отбасында зорлық-зомбылықтың болуы, өмірге көңілі толмаушылық, отбасы кірісінің түрі, қызмет түрі, хоббиінің болуы, отбасылық статусы, білім деңгейі ауылдық әйелдер арасында көшіп-қонудың басты факторы болып табылады. Бұл ретте өмірге қанағаттанбау көшу мүмкіндігін 15,1% көбейтіп отыр. Отбасындағы зорлық-зомбылық та көшу туралы шешім қабылдауда аз рөл ойнамайды. Бұл фактор миграция мүмкіндігін 11,5% арттырады.
- Жасы, білім деңгейі мен отбасылық жағдайы әйелдердің үйреніп қалған жерлерін тастап кетуге ықпал ете ала ма?
- Барынша мықты. Талдау барысында жас буын өкілдерінің барынша мобильді болып келетіні және көшу туралы шешімді тез қабылдайтындары туралы гипотеза расталды. Бір жас қосылған сайын әйелдердің көшуге деген ынталары 0,6%-ға төмендей береді. Керісінше білім деңгейі көшу ниетімен оң ара қатынасты көрсетті. Мәселен, жоғары білімі бар әйелдердің көшу мүмкіндігі орта білімі бар әйелдерден 13% жоғары болып отыр. Отбасылық статусы да көшу мүмкіндігіне ықпал етеді. Мәселен, тұрмыс құрмаған әйелдердің көшу мүмкіндігі жесір әйелдермен салыстырғанда 19,7% жоғары.
- Ал «қызмет түрі» және «отбасылық кіріс түрі» секілді факторлар бойынша зерттеу қандай нәтиже көрсетті?
- Шынымды айтсам, өте және өте айтарлықтай. Бюджеттік мекемеде немесе жеке салады жұмыс жасайтын әйелдер, үй шаруасындағылар және студенттер жұмыссыздар мен өз өзін жұмыспен қамтығандармен салыстырғанда көшуге онша құлықты емес. Бұл ауылдағы жұмыссыз әйелдердің қалада жұмысқа орналасуға үміттенетіндерінен болса керек. Оның үстіне отбасында ерлі-зайыптылардың бірі сыртта, қалада жүмыс жасаса немесе саудамен айналысса, олардың кіріс көзі басқаша болып келетін отбасыларға қарағанда көшу мүмкіндігі зор.
- Сауалдарымызға жауап бергеніңіз үшін алғыс айтамыз!
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы АҚШ елшісі: Мен революция елшісі емеспін
10 Ақпан 2021, 14:41 -
АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз
30 Шiлде 2020, 08:42