Олег Алферов: Қазақстанның автомобиль нарығы автоөндірісіне қарағанда барынша қарапайым қарқынмен қалпына келуде

Алматы. 25 қаңтар. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Қазақстандағы автомобиль саласындағы жағдай барынша жақсарды. Былтыр автомобиль өндірісі екі жыл төмендегеннен кейін алғаш рет қайта қалпына көтерілді. Дегенмен елдің автомобиль өндірісіндегі жағдай дәл сондай бұлтсыз қалыптасып жатыр ма?
Қазақстандық автомобиль өндірісінің проблемалары мен болашағы туралы біз «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы» ЗТҰ басқармасының төрағасы Олег Алферовтан сұраған едік.

- Олег, былтыр Қазақстанның автокәсіпорынындағы жағдай жақсы жаққа қарай өзгере бастап еді: екі жыл құлдыраудан кейін өсім қайда байқалды. Сіз жалпы республиканың автомобиль саласындағы жағдайды қалай бағалайсыз? Және отандық автомобиль өнеркәсібі үшін өткен жылдың негізгі қорытындылары қандай?
  
- 2017 жылы Қазақстанның автомобиль саласының 15 жылдық мерейтойын атап өткенінен бастайын. Он бес жылда ел аумағында 180 мыңнан астам көлік құралы шығарылған.
Индустрияландырудың алғашқы бес жылдығы аясында (2010-2014 жылдар – ҚазТАГ) көлік өнеркәсібі қазақстандық экономиканың қайта өңдеу саласында өсімнің барынша жоғары қарқынын көрсетті. Автомобильдерді шығару көлемі 5 есе артты.
Алайда 2014-2016 жылдары валюта саласындағы Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларының бағасының төмендеуінен болған бәрімізге белгілі жағдай (теңгенің бірнеше рет құнсыздануы – ҚазТАГ) отандық автомобиль нарығының құлауына алып келді, сөйтіп жаңа жеңіл көліктерді сату төрт есе қысқарды, ал олардың өндірісі өз кезегінде 5 есе құлады.
Тек былтыр қаңтар айынан бастап қана сала қайта көтеріліп, салалық көрсеткіштердің көптен күткен қайта қалпына келтіру процесі басталды, атап айтсақ, шығарылым көлемі артты. Ал 2017 жылдың наурызынан бастап біз жалпы саланың қайта жаңғырғанын көрдік – қазақстандықтар тарапынан сұраныс пен тұтыну көлемі өсті. Және бұл өсім былтырғы жыл бойы жалғасты.
Яғни әңгіме тұрақты динамика жайында болды. Және 2017 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемінің еселеніп өскенін айта аламыз. Ол тек 2015 жылғы деңгейге жетіп қана қойған жоқ, одан үш есе асып кетті. Бұл 2014 жылғы дағдарысқа дейінгі көрсеткіштің жартысынан азы. Дегенмен бұл 2016 жылға қарағанда барынша жоғары көлем.

- Сіз, бірінші кезекте өндірістің қалпына келуі туралы айттыңыз, ал автомобиль нарығы қалай?

- Нарық әзірге барынша қарапайым қарқынмен қалпына келуде. Атап айтсақ, былтыр өсім 6% құрады. Бірақ біз 2018 жылы қайта қалпына келу динамикасының жылдамдауын күтіп отырмыз, және осы жылдың қорытындысы бойынша сатылған жаңа жеңіл автокөлік көлемі төрттен бір бөлігін құрайды.
Мұндай нәтижеге шығарылатын автомобильдің моделі желісінің көбеюі есебінен қол жеткізіледі. Бұл процесс 2017 жылы басталып, барлық отандық өндірісшілер іске қосты. Қазір отандық зауыттар конвейірінде 19 брендтің 140-тан астам моделі шығарылып жатыр. Бұл диапазон ағымдағы жылы қосымша кеңейтіледі.
Яғни, бұл фактор күтілетін тұрақты макроэкономикалық фактормен конъюнуктурамен қатар 2017 жылдың қорытындысы бойынша қайта қалпына келтіретін динамиканы жалғастырудың және жеделдетудің негізгі кепілі болады. Еске салсақ былтыр ЖІӨ 2016 жылғы 1%-дан 4%-ға дейін көтерілді.

-Мұнай бағасының өсуі және айырбас бағамының тұрақтануына орай макроэкономикалық қауіптер күрт төмендеді, ал Қазақстандағы автомобиль саласы үшін бұрынғысынша қандай қауіптер қазір өзекті болып тұр?

- Шындығында, қазір мен айтатын нәрсе, Қазақстандағы тұтынушы нарығымен байланысты кез келген сала үшін шындық болар: ішкі нарықтағы сұраныс көлемі республиканың негізгі экспорттық тауары мұнайдың баға динамикасымен реттеліп отырады. Сондықтан, қауіпке арналған кеңістік мұнай нарығындағы баға конъюнктурасы аясында ауыздықталған.
Ал қалған сұрақтардың барлығы – шешімін табады, ал басқа қауіптер - бақылауға жатады. Және біз көріп отырғандай, ағымдағы жағдайда отандық көлік өндірісі өз назарларын экспорттық нарыққа барынша бағыттап жатыр. Және бұл жерде өзінің барынша сезілетін қиындықтары мен кедергілері бар. Дегенмен, оларды еңсеру жұмыстары да нәтижесіз емес.
Былтыр шетел нарығына 1,5 мың автомобиль экспортталған. Иә, абсолютті мәнде бұл сан өте үлкен емес, бірақ біздің сала көлемінде бұл - 8%, аз емес. Және бұл санды өсіру бойынша жоспарлар бар. Ірі отандық автомобиль шығарушы шикізаттық емес салада экспортқа бағытталған ірі өндіріс болуға уәде берген жобаны жүзеге асыруда. Өскемендегі конвейерде шығарылатын автомобильдердің жартысына жуығы ең алдымен ресейлік тұтынушыларға арналған.

- Отандық көлік өндірушілер Қытай нарығына шықты деген жаңалық тосынсый болды, олар былтыр экспортталған көліктің 82%-ын сол жаққа жеткізген. Әңгіме қандай көліктер жайында?

- Әңгіме әзірге Қытай нарығына Lada 4х4 жолсыз көлігі туралы болып отыр, ол бізге бұрын «Нива» ретінде таныс еді, ол жақында өзінің 40 жылдығын атап өтті. Яғни қытайлық нарықта «Азия Авто» әріптестері бұл жолсызбен жүретін көлікті қолжетімді Gelandewagen ретінде таныстыруда. Яғни бұл көлік темірден, сенімді, тоқтап қалмайды, жөндеуге жатады. Қызмет көрсетуі қарапайым және қымбат емес.
Оның үстіне қытайлық нарықтың зор масштабына қарамастан, бұл салада ұсыныстар көп емес, әсіресе қолжетімді бағадағы мықты және тоқтамайтын көліктер бойныша. Lada 4х4 негінен осындай қасиеттерінің арқасында озып тұр.

- Биыл да Қытай нарығына отандық өндірістегі авто экспорты арта ма? Былтырғы тренд жалғаса ма?

- Мен тек өндірушілерде мұндай жоспар бар деп айта аламын.

  -Енді мына мәселені қозғайықшы. Мемсатып алу бойынша тағы да шетелдік өндіріс көлігін көптеп сатып алу басталды? Неге олай болып жатыр? Жағдайды отандық өндірушілер пайдасына шешуге бола ма? Қандай ұсыныстар бар?

  - Мәселе меммекемелер мен ұлттық компанияларға арналған импорттық өндірістегі автомобильдерді сатып алуға жарияланған мораторийдің алынып тасталғанында. Бұл Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен және сол ұйымның тиісті талаптарымен байланысты орын алды.
Нәтижесінде біз импорттық автокөліктердің күрт көптеп сатылып алына бастағанын байқадық. Тек былтырғы алғашқы үш тоқсанның қорытындысы бойынша бұл көліктерді сатып алу көлемі 7 есеге артты. Осылайша импорттық техника мен қызметтік көліктерді сатып алудың жалпы сомасы Т6 млрд. жетті.
Көп жағдайда олар артықшылықтағы сипаты мен бағасының қымбаттығы тұрғысынан жиынтықталуы ештемемен негізделмеген автокөліктер. Бұл ретте отандық кәсіпорындар конвейерлерінде жеңіл автокөліктің седаннан бастап толық көлемдегі жолсызбен жүретін көліктерге дейін 60-тан астам моделі бар, олар Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделіп жасалған.
Сондықтан отандық өндірушілер меммекемелер мен ұлттық компаниялардың автокөлікке деген қажеттіліктерін толық жаба алады. Осы уақытқа дейін олар мұны табысты жүзеге асырып келген: 2017 жылға дейін қызметтік көліктердің мемсатып алуларының жартысынан көбі елімізде құрастырылған Lada, Kiaи Hyundai маркаларына тиесілі болған.
Қазақстандық автокөліктердің сапасына қатысты сын-ескертпелер мүлде түспейді. Сондықтан біз қазір мәжілісте талқыланып жатқан республиканың ДСҰ толыққанды мүшесі екеніне қарамастан қазақстандық көлік шығарушылардың мүддесін қорғайтын «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға түзету енгізуде ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпыз.

- Мемқызметкерлер мен шенеуніктер арасында қандай шетелдік көліктер сұранысқа ие?

- Мемсатып алуда Mercedes-Benz С-класты және Toyota Land Cruiser 200 жолсызбен жүретін көлігі мен Land Cruiser Prado үлкен сұранысқа ие.
Land Cruiser-ді сатып алатын меммекемелер арасында бос уақытын өткізуге арналған мекемелер мен өнер мектептері де бар, және олардың саны аз емес. Осындай секілді меммекемелердің жүруі, мемсатып алудағы жүгенсіздік болмаса, онда асыра сілтеушілік болғаны түсінікті де.
«Ақ жол» партиясы фракцияциясының өкілдері мәжлісте премьер-министр атына тиісті сауалдарын бірнеше мәрте жіберді. Соңғысы былтыр күзде жолданды. Және министрлер кабинетінің басшысы (Бақытжан Сағынтаев – ҚазТАГ) жоғарыдағыдай асыра сілтеушілікке жол берген мемқызметкерлерге санкция қолданалыды, ал мемсатып алу механизмі қайта қаралады деп жауап берді.

-Сұрамасам болмас, қазақстандық көлік өндірісі үшін автонесиелеу мембағдарламасы қандай әсер қалдырды?

- Менің пікірімше, бұл бағдарлама мемлекеттің, банк саласының және экономиканың нақты саласындағы кәсіпорындардың ынтымақтастығының барынша жемісті мысалы бола алды, себебі оны жүзеге асыруда бәрі жеңімпаз болды.

  - Оның мәні неде?

  - Ең алдымен қазақстандық банктер борышкерлерге қойылатын талаптарды күшейткен тұста тұтынушы несиелеудің басқа оңтайлы мүмкіндігіне ие болды. Бұл ретте мемлекет бірінші және екінші транш аясында Т26 млрд көлемінде бөлінген қаржыға 4% мөлшерінде және жақында бөлінген үшінші транш аясында Т8 млрд кепілді кіріс кірді.
Банктер өз кезегінде қорлану тапшылығы жағдайында қосымша өтімділікке, ал көлік шығарушы – автомобиль саласы үшін қиын кезеңде мемлекет қолдауына ие болды.

- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage