Мұнай кен орындарындағы еңбек қақтығыстары биліктің «қаракүзен рефлексін» тудыруда

Күні: 12:48, 12-07-2019.

Алматы. 12 шілде. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Қазақстандық мұнай кен орындарындағы еңбек қақтығыстары биліктің «қаракүзен рефлексін» тудыруда.

Бұл қарапайым тышқандарда жақсы байқалады, олар өздерін қараңғы кеңістікте жақсы сезінеді, жарық кеңістікке түсіп қалған олар өздерін қолайсыз сезініп, тезірек кетіп қалуға тырысады.

Шамамен билік те өзін осылай ұстайды, еңбек қақтығыстары орын алған жағдайда біреулерін қорқытса, екіншілерін сатып алғысы келеді, ал үшіншілерімен ортақ келісімге келуге тырысады. Әдеттегідей, қолайсыз аймақтан барынша жылдамдатып кетіп қалу және күнделікті тыныш өмірге оралу.

Болу керек жағдай болды

Жаздың алғашқы айының соңғы күнінде, дәлірек айтсақ, 29 маусымда Атырау облысы аптаған ыстықтан емес, халықтың наразылығынан «өртке» оранды. Турасын айтсақ, «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының аумағында бас мердігер ТШО – «Сonsolidated Contracting Engineering and Procurement S.A.L Offshore» (CСЕР) компаниясының жергілікті жұмысшылары өздерінің араб әріптестерін соққыға жықты.

Арабтардың саны аз болғанын мойындау керек. CСЕР-тің 7 мың жұмысшысының 500-ге жуығы – шетелдік мамандар, олардың ішінде тек 100-і араб. Мердігер ТШО азаматтық инженерлік нысандардың құрылысына, арнайы мақсаттағы құралдар мен көліктерге қызмет көрсетуге маманданған.

Ал енді төбелестің өзіне қайта оралайық. Барлығы таңертең сағат 11-де компания жұмысшыларының наразылығынан басталды, олар жұмыс учаскесінде жиналып, Либия азаматы Эли Даудтың WhatsApp профиліне қойған суретіне наразылығын білдірмекші болады. Суретте либиялық қолындағы рацияны қызға қарай бағыттап тұр. Қысқа қайырайын, сурет те және оның мағынасы да күдік тудырады.

ТШО-ның таратқан ақпаратына сәйкес, үшінші буын зауытының құрылыс алаңында жұмысшылар арасында қақтығыс орын алады, нәтижесінде CCEP бірқатар жұмысшысы жарақаттанды. Атап өтілгендей, полиция оқиға орнын да және аймақты да қоршауға алды.

«ТШО жергілікті атқарушы органдармен жағдайды тұрақтандыру және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тығыз жұмыс істеуде», - деп БАҚ «Тенгизшевройлдың» ақпаратын келтіруде.

«Жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс» бірден басталды: оқиға орнына – Теңіз вахталық ауылына – Атырау облысының әкімі, полиция департаментінің, жергілікті ҰҚК департаментінің басшылары және аймақ прокуроры келді. Олардың артынан энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов барды.

ТШО-ның мәліметі бойынша, қазақтар мен арабтар арасындағы жаппай төбелес барысында 40-тан аса азамат жарақаттанды.

Кейбір психологиялық жағдайлар

Либия азаматы Эли Дауд пен қазақ қызына келетін болсақ, барлығына түрткі болған суретке қатысты кей психологиялық жағдайларға тоқталып, оқырмандармен бөлісу қажет деп ойлаймын.

Суретте Эли Дауд даяшыға қатысты әдепсіз қылық жасайды. 99% сеніммен айта аламын, осындай қылығы үшін отанында да оған оңайға соқпас еді. Ал, 1% кездейсоқ жағдайға, мәселен бұл суретті ешкім әлеуметтік желіге жарияламауы мүмкін деген жағдайға қалдырамын. Либиялық Қазақстанда осылай әдепсіз қылықтар жасау қалыпты жағдай деп есептейді деген әсер қалып отыр. Мүмкін бұған дейін оның осындай қылықтарына жол беріліп келген шығар, оның өзінде суреттерді әлеуметтік желілерде жарияламаған және арты осындай оқиғаға апармаған жағдайда ғана.

Мен үшін Эли Даудтың бет жүзінің көрінісі жиіркенішті болды. Оның бетінен үстемдік пен ашық арсыздық көрініп тұрды.

Бірден өткен ғасырдың 80-жылдары еске түсті. Ташкент мемлекеттік университеті, журналистика факультеті және №86 жатақхана. Оның ерекшелігі онда шетелдік студенттер мен аспиранттар тұрды, ал бізді болашақ журналистерді олардың қасына белсенді насихаттық жұмысын жүргізу үшін қосатын.

Ауғанстан, Вьетнам және әлеуметтік лагерь елдерінен келген студенттерді есептемегенде көптеген шетелдік студенттер кедей кеңестік студенттердің қасында бай болып есептелетін, қыздар да оларға ерекше ілтипат танытатын. Дәл сол кезде мен суреттегі Эли Даудтың жүзіндегі менсінбеушілікті көретін едім.

Осы ретте, айтатын болсақ, ресми деректер бойынша либиялық қазақ жеріндегі қонақ, ал суретте керісінше қожайын іспетті. Кез-келген субъективті пікір іспетті, суреттен алынған әсер соңғы инстанцияда шындық ретінде қабылданбауы мүмкін. Қателесуім де мүмкін...

Бастысы ол емес

Мүмкін, шынайы өмірде Эли Дауд жаман жігіт емес және ешкімнің намысына тигісі келмеген де шығар. Тіпті, қазақ қызының тәрбиелі, инабатты және келеңсіз жағдайдың құрбаны болып, кездейсоқ жаппай жынданудың нысанына айналды деп ойлауға да әбден негіз бар. Алайда ол екеуі де және сурет те қақтығыстың отын тұтандырды.

Алайда бұл да бастысы емес.

Бастысы қақтығыс тамырының тереңде болуында.

Бірінші кезекте Қазақстанның ірі мұнай кен орындарында көбіне мердігерлердің, оның ішінде шетелдік компаниялардың үлесінің басым болуында. Қазақстандық компаниялар, әдейі ме белгісіз, әйтеуір, тендер жеңе алмайды, мердігер мәртебесін алып, жұмысшылар мен бәлсінген мамандарға лайықты жалақы төлей де алмайды.

Осы ретте, билік бұл мәселені жылы жауып отыр деп те айта алмаймыз ғой.

Президент, үкімет мүшелері аталған мұнай кен орындарында қазақстандық қамту үлесін арттыру керектігі жайлы жиі айтады. Олардың сөздерін келтірмеймін, себебі тым көп. Алайда олардың сөздері тек сөз жүзінде қалып отыр, ол аздай солай бола беретін сияқты да.


Қазақстандық компаниялар тендерлерде, тіпті сол ТШО өткізіп жатқан тендерлерде неге жеңіске жетпейді деген де басты аргумент - шетелдік компаниялармен шынайы бәсекелестік жағдайында тәжірибелік, теориялық болсын біліктілігі төмен.
Бір жағынан бұл аргумент баяғыда-ақ биліктің қорғаныс құралына айналған, бір жағынан қазақстандық компанияларды өздерін кем сезінуге итермелеп отыр.

Өкінішке орай қазақстандық компаниялардың кәсіби деңгейі өспек түгілі төмендеп бара жатыр. Бұл тренд оларды тендерде жеңіске жетуге жақындатпайды, егер осылай қала беретін болса мұнай кен орындарында мердігер болу арманымен қош айтысуға болады.

Осы ретте зияткерлік әлеуетті арттыру үшін жұмсалған мемлекеттік инвестициялар тұрғысында жаман ойлар туындайды. 1993 жылдың қаңтарында бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады. Бұл қазақстандық мамандардың шетелдік әріптестерімен бәсекеге түсе алуы үшін жасалған болатын. Ол бойынша сандар таңғалдырмай қоймайды, 25 жыл ішінде 12 898 стипендия берілген.

Енді бірден сұрақ туындайды, осыншама қыруар қаражатты өзінің білімі үшін жұмсаған жастарымыз қайда? Риторикалық тұрғыда келісіңізші.

Шерше ля немесе ақшаны іздеңіздер


2019 жылдың маусым айының соңында орын алған бас мердігер ТШО жұмысшыларының қақтығысы жалғыз ғана оқиға емес.

2006 жылдың 20 қазанында ТШО-ның асханасында үлкен жанжал орын алған. Қазақстандық жұмысшы тұздық тұрған үстелге жақындап, алмақшы болады. Қасында тұрған түрік «қайда бара жатсың, қой, саған тұздықсыз да жарай береді», деп тиіседі.
Қазақстандық және түрік жұмысшыларының арасындағы жанжал жаппай төбелеске алып келеді, Теңіз кен орнының аумағында орналасқан кеңселердің тас талқаны шығады. Нәтижесінде, үш контейнер толығымен жанып кетеді, 3 көліктің быт-шыты шығады, түрлі дене жарақаттарымен 136 азамат клиникаға жүгінсе, 11-і Құлсары қаласындағы аудандық ауруханаға жатқызылады.

Жалпы, 2006-2008 жылдары жергілікті және шетелдік жұмыс күші арасындағы жағдайдың шиеленісуі бірнеше шетел азаматының Қазақстаннан кетуіне себеп болды.

2019 жылдың қаңтар-ақпанында «Кентек Қазақстан Техникал Сервисез» және «Cаренс – Қазақстан» мердігер кәсіпорындардың жұмысшылары өз наразылығын білдірді. «Кентектің» жүздеген жұмысшысы жалақыға көңілдері толмайтынын айтып, оны 50% көтеруді талап етті. Компания басшылығы жалақыны 12% ғана көтеруге дайын екенін жеткізді, содан соң жұмысшылардың бір бөлігі жаппай шығып кетті. Әйтседе, уақыт өте олардың біразы қайта жұмысқа оралғысы келетіндерін жеткізіп, жалақының 12%-ға көтерілетінімен келісті.

2018 жылдың ақпанында ТШО үшін сервистік қызметтердің ірі жеткізушісі «Eurest Support Services» (ESS) компаниясының 700-ге жуық жұмысшысы жалақыны көтеру мәселесін көтерді. Бұған дейін, компания басшылығы жүргізушілердің, аспазшылар мен тазалаушылардың жалақысын 6% көтеретіні туралы шешімін жариялады. 100 мыңнан төмен жалақы алатын жергілікті жұмысшылар бұл жаңалықты күлкімен қарсы алды. Мысалы, қаладағы жүргізуші 70 мыңнан бастап Теңіздегі вахтадағы жүргізуші 180 мыңға дейін жалақы алады. Ал, Атыраудағы ТШО-ның «алтын» орталық кеңсесін тамақтандыратын аға аспаз 90 мың, көмекшісі 40 мыңнан 50 мыңға дейін, тазалаушылар орташа есеппен 54 мың теңге жалақы алады. Осы ретте,ТШО-ның орталық кеңсесіне Үндістаннан айлық вахталық жұмысқа келетін төрт аспазшы 1 млн теңгеден жалақы алып келген, сонымен қатар олар үшін қаладан жалға пәтер алынған және барлық көлік пен өзге де шығындары өтеліп келген.

Жалпы, қазақстандықтар мен шетелдік жұмысшылардың жалақысының арасындағы үлкен айырмашылықты дәлелдейтін фактілер аз емес. 2013 жылы Атырау облыстық прокуратурасы шетелдік жұмыс күшін тартатын 18 компанияны тексерген. Мысалы, «Ренко-Кат» ЖШС қазақстандық инженерлік филиалындағы жергілікті жұмысшының жалақысы 2012 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 2,4 млн теңгені, ал дәл сондай қызметтегі шетелдік жұмысшының жалақысы 6 млн теңгені құрады. «Сичим С.п.А» ЖШС-да жұмыс істейтін О.Н. техникалық қауіпсіздік бойынша қазақстандық инженердің айлық жалақысы 198 мың теңгені, ал сондай қызметтегі шетелдік А.Ф. жалақысы 538,4 мың теңгені құрады. Дәл осындай бұзушылықтар «Қазмұнайсервис энд Контрактинг»ЖШС мен «Фиркрофт Инжинниринг Сервисиз Лимитед» филиалында тіркелді.

Қорытынды тайға таңба басқандай анық: мұнайгаз және сервистік компаниялар жергілікті жұмысшыларға қарағанда шетелдіктерге 2-3 есе, кейде 10 есе артық төлейді. 2013 жылдан бері «жаңа» мәліметтер көрсетіп отырғандай жағдай мүлдем өзгермеген.

Билікті әрекеттері суреттейді

Сонымен қатар, кез келген билікті, тіпті қазақстандық билікті БАҚ арқылы ресми өкілдерінің мәлімдемесінен гөрі, жоғарыда атап көрсетілген қақтығысқа қатысты әрекеттері суреттейді.

Себебі олар тек мінберлер мен кездесулерде барлығы туралы жақсы және дұрыс сөйлейді.

Жақында ғана «Теңіз» жұмысшылар ауылына барған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ТШО басшылығымен кеңес өткізіп, CСЕР фирмасының жұмысшыларымен кездесті.

«Бұл түрлі еңбек шарттарынан пайда болған проблема. Бұл жүйелік мәселе, оны ТШО басшылығы мен өзге де мердігерлер шешуі керек. Біз өзіміздің тарапымыздан барынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Инвесторлар бізде жұмыс істегендіктен заңнаманы, сонымен қатар, ешкімнің ар-ожданына қол сұқпастан моральдік-этикалық нормаларды сақтауы керек екенін түсінуі тиіс. Жақын арада жобаның барлық қатысушыларымен кеңес өткіземіз, оған барлық компания басшылары қатысады, осы мәселелерді шешеміз. Басты талап – еңбек шартының барлығына бірдей болуы», - деп атап өтті Ноғаев.

Бұған дейін, Атырау облысына жұмыс сапарымен барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев та жалақының бірдей болу мәселесіне тоқталған болатын.

«Шетелдік және жергілікті жұмысшының біліктілік деңгейі жалақыны есептеу барысында бірдей есептелуі керек. Бірдей жұмысқа түрлі жалақы төлеуге жол берілмеуі тиіс. Әрине, біздің жұмысшылардың білім деңгейі мен жоғары талаптарға сай болуы – басты проблема. Біліктілігі жоғарыларға бірдей төленуі керек, қалғандары оқытылып, қажетті деңгейге жеткізілуі шарт», - деп атап өтті Тоқаев.

Әкім мен президент мәселені айқын көріп отыр және дұрыс сөйлеуде. Алайда шынайы өмірде ештеме өзгеріп жатқан жоқ.

Оның үстіне кезекті еңбек қақтығысынан кейін биліктің әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғауы, кей біреулерге айыппұл салуы немесе бас бостандығынан айыру әрекеттері жалықтырып жіберді.

Бұл әдет осы жолы да жалғасын тапты. ҚР ІІМ «Теңіз вахталық ауылында бұзақылық фактісі бойынша» сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, қақтығысқа қатысқандармен түсіндіру шаралары жүргізілді, полицияның пайымынша бүгінде жанжал өз шешімін тапты. Дәл осы тәртіппен билік әрқашан жұмыс істеп келеді.

Әлемдегі кез келген өркениетті елде билік мәселенің түп тамырын табуға тырысады, екінші кезекте оны шешу жолдарын жасақтайды немесе барынша төмендетуге тырысады. Осы ретте, үндістер, афроамерикалықтар мен сарытүстілер және мексикалықтар қатысқан АҚШ-тағы жағдай жарқын мысал бола алады. Мәселенің түп-тамыры жойылғаннан кейін қақтығыстар тоқтады. Мұны Франция мысалында да көруге болады. Полициядан қашып құтылғысы келген екі солтүстікафрикалық жасөспірімнің өлімінен кейін африкалық елдерден шыққандар тарапынан 2005 жылдың 28 қазаны мен 15 қарашасы аралығында өрт қою, тонау, зорлау әрекеттері жалғаса берді.

Бір қарағанда бас мердігер ТШО жұмысшыларының арасындағы қақтығыс пен Батыстағы жағдайдың арасында ортақ дүниелер көп сияқты. Алайда бұл бір қарағанда ғана. Егер, 2006 жылы ТШО-да ұрыс тұздық үшін болса, 2019 жылы – суреттің кесірінен болды, ал 2005 жылы Францияда – екі солтүстікафрикалық жасөспірімнің өлімінен кейін орын алды. Себеп салдар бір бірімен сәйкес келмейді. Бізде болмашы әрекеттер, оларда салмақты. Қорытынды, егер оларда орын алған жағдай бізде де орын алса қазақстандықтардың ашуы бұдан да қатты болады.

Алайда жоғарыдағы жанжалдарға түрткі болған себептердің барлығы бәрібір қайталануда.

Сондықтан да, қазақстандық биліктің қорқыту және бұзақыларды жауапқа тарту, «түсіндіру жұмыстарын жүргізу» әрекеттері мен «қақтығыс жойылды» деп айтып қоймауы нақты себептерді іздестіру мен оларды әдістемелік тұрғыда жоюдан гөрі Сервантестің танымал шығармасындағы жел диірменімен күресті еске салады.

Қиқым мен бөрене

Жалпы, әрқашан айтылып жүретін сөз бар, оған сәйкес қазақстандық билік түймедейді түйедей қылып, көз алдындағы бөренені байқамайды.

Билік бас мердігер ТШО-да орын алған жағдайды түсіндіре бастағанда әлемнің басқа жерінде орын алған этносаралық қақтығыстарды еске алады. Осы ретте КСРО кезінде асфальт жабындысының сапасыз болуына қатысты ескі жағдай еске түседі. Ол кезде мамандар АҚШ-ты барлығына кінәлі етіп көрсеткен, жеткізген асфальт жабындысының сапасы төмен болып шықты дегендей. Күлкілі, егер сапасы төмен болса неге транзитпен бүкіл әлемді шарлатып бұл асфальт жабындысын сатып аламыз, оның үстіне жолды төсеген өзіміздің инженерлер мен жұмысшылар, бұған амарикалықтардың не қатысы бар. Дұрысы, қандай да бір экономикалық мүдде болған жағдайда иманды болғай Черномырдин айтпақшы «әдеттегідей» жаман емес, мамандар жолды жақсылап салар еді.

Ал, бас мердігер ТШО жұмысшылары қақтығысының себебі бетінде тұр. Өзінің атын атығысы келмеген жұмысшының «Азаттық радиосының» тілшісіне берген сұхбатында «жұмысшылардың басым бөлігі жалақының айырмашылығына наразы екенін жеткізген». Атырау облысы әкімінің орынбасары Серік Шәпкенов пен облыс прокуроры Халидолла Төлешовтың жұмысшылармен кездесуінде оларда 15 талап қойған. Атап айтқанда ССЕР жұмысшылары вахталық ауылдың асханасының шетелдік қызметкерлердің тамақтану аймағында қазақ қыздарының қызмет көрсетуін тоқтатуын талап еткен. Сонымен қатар, олар еңбек шартын өзгертуді, атап айтқанда кешіккендерге айыппұл салу, жұмыстан шығару, дайындық курстары үшін төлем алуды және басқаларды тоқтатуды талап еткен.

Егер талаптардың эмоциялық сипатын алып тастасақ, басты ұмтылыс – теңдік болып отыр. Атқарылып отырған бір жұмысқа қазақстандық және шетелдік жұмысшының бірдей жалақы алуы. Компания топ-менеджментінің қазақстандықтар мен шетелдіктерге бірдей қарауы баса атап өтілген. Қазақстандықтардың өздерін туған жерінде қонақ сияқты емес, ал шетелдіктердің қанша құрметті болғанымен қазақ жерінде қонақ ретінде өздерін сезіну керектігі атап көрсетілген.

Ресми мәліметтерге сәйкес, ССЕР компаниясы және ТШО өкілдерінің қатысуымен облыс әкімінің орынбасары Серік Шапкенов бастаған «мәлелерді қарау үшін» арнайы комиссия құрылды.

Бұл комиссия кезекті көз бояушылық емес, нақты жұмыс атқаруы тиіс. Шетелдіктермен қағаз жүзінде емес, шынайы өмірде бірдей бәсекеге түсе алатындай болуы үшін қазақстандық жұмысшылардың біліктігілін арттыру мақсатында «жол картасы» жасақталып, мамандар оқытылуы керек.

Осыны жазып отырып өзіме өзім сенбеймін. Сауатты, білімді және біліктілігі жоғары жұмысшылар мен мамандар орталық және жергілікті билік үшін тиімді екеніне сенбеймін.

Биліктің қазақстандықтардың білімімен айналысқысы көлмейтіні анық. Олар білімсіз және біліктілігі төмен адамдармен жұмыс істеу әдісін жақсы меңгеріп алған – ұстау, қамау және қорқыту. Ал, білімді және біліктілігі жоғары мамандармен жұмыс істеу түбегейлі басқаша, басты құрал - сендіру.

Әзірге, биліктің еңбек қақтығыстары бола қалған жағдайдан бері көп емес: үлкен іс тындырып жатқандай көріну, әр көшеде 100 полицейден қойып қою, қорқынышты түр жасау, үркіту және қамау. Билік бір уақытта «қаракүзен рефлексін» тудыруда, осыған дейін солай жасап келді және жасай береді де. Олар өздерін қараңғы кеңістікте жақсы сезінеді, жарық кеңстікке түсіп қалса қолайсыз сезініп, тезірек кетіп қалуға тырысады.


Жаңалықтармен бөлісу: