Ерік Байжүнісов: Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі бонустар туралы айту әлі ерте

Алматы. 4 шілде. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Біздің әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі бонустар туралы ақпаратымыз (2019 жылдың 21 маусымында шыққан «Бонус? Жоқ, естімедік») Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызығушылығын тудырды. Аталған проблемаға қатысты өз көзқарасымен ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерік Байжүнісов бөлісуді жөн көрді. Жарты жылдан кейін әр қазақстандық бетпе-бет келетін медициналық сақтандыруды енгізу мәселесіне қатысты сұрақтарды тілге тиек еткен біздің әңгімеміз жеңілдіктердің шекарасынан асып кетті.

- Ерік Әбенұлы, болашақ жүйедегі дені сау адамдар үшін бонус беру мәселесі не болды? Автокөлікті сақтандыру жүйесімен салыстыратын болсақ, онда жүргізушінің санаты ескеріледі, егер ол апатқа ұшырамай көлік жүргізетін болса, көрсеткіштері жақсарады және оның сақтандыру сомасы барған сайын арзандайды. Әрине, жарнаның өзін ешкім төмендетпейтіні түсінікті, алайда жүйе ішінде түрлі жеңілдіктер болуы мүмкін ғой.

- Әзірге бонустар туралы айту ерте деп есептеймін. Мұнда бір маңызды мәселені түсіну керек, әлеуметтік медициналық сақтандыру мен жинақтаушы медициналық сақтандырудың арасындағы айырмашылық. Нарықтық (жинақтаушы) үлгі адамдарды түрлі бонустар беру арқылы өзіне тартады. Ал, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі әр қатысушысына жарнасына қарамастан бірдей қызмет көлемін алуға мүмкіндік береді. Қайталап айтамын, енгізудің алғашқы кезеңінде қандайда бір бонустар туралы айту ерте. Жүйе жұмыс істеп, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметтерінің барлығын толық қаржыландыру үшін жеткілікті көлемде табыс таба бастаған жағдайда осындай шаралар жасақталып, енгізіледі.

- Демек, теориялық тұрғыда бұл мүмкін ғой?

- Ия, егер біршама уақытқа алға жылжып қарайтын болсақ, әлеуметттік медициналық сақтандыру бір адамның денсаулығын өмірінің соңына дейін бір жүйеде қарап отыруға жайлап көшуді көздейді. Ол кезде бонустармен мәселе жеңілдейді, осылайша оның жеңілдіктер ретінде кейбір қосымша қызметтерді алуға мүмкіндігі артады.

- Менің білуімше жеңілдіктер Германияда бар – бұл ел алғаш болып медициналық сақтандыруға көшкен...

- Бірақ Германияда жарна көлемі басқа, орташа есеппен 25% дейін, осының өзі азаматқа қай аурухананың кассасы қызмет көрсететініне байланысты. Ол елде шынымен бір сақтандыру бүкіл отбасына жарауы мүмкін және т.б. Алайда базалық пакет ел бойынша барлығына бірдей.

- Дені сау ретінде көріну үшін адамның өзі келмей «профилактикалық тексерісті» сатып алып, осылайша мүмкін жеңілдіктерді жинау тенденциясы көбейіп кетпей ме?

- Осы жерде әлеуметтік медициналық сақтандыру – жинақтаушы жүйе емес екенін түсіну керек. Қағида мынадай: қорға өз жалақыңнан қандайда бір пайызын аудару арқылы сізге жарнаңыздың көлеміне қарамастан ауырып қалған жағдайда тиісті барлық қызмет түрлері үшін төленеді. Бұл жүйеде жеке жинақ болмайды. Бұл әлемдік тәжірибе, әділеттілік жүйесі.

- Қандай әділеттілік? Адам сау болсын, ауру болсын жарна көлемі бірдей.

- Ақыры автосақтандырудан бастаған екенбіз осы тұрғыда қарайықшы, ЖКО болған жағдайда медицинаға қатысты қызметтің бағасы өте жоғары. Егер өмір бойы ауырмаған адам 80-жасқа таяған жағдайда өзінің аты жаман дертке шалдыққанын білетін болса, оның өмір бойы жинаған жинағы емделуіне жетпейді. Халыққа тұрмысына қарамастан емделуі үшін қаржыны әділетті бөлу жүйесі қазір ауырып жатқандарға қордан дәл қазір ақша бөлуге және ауырмай сау жүргендерде болашаққа өздеріне қорда ақша жинауға негізделген.

- Егер қордың табыс көлемін шамамен есептейтін болсақ (160 теңге орташа жалақының 3% 18 млн халық санынна көбейтеміз) жылына 1 трлн теңгені құрайды. Бұл қаржы барлық медициналық шығындарды өтей ала ма? Мемлекет өзінің есебінен 15 санат бойынша кебір азаматтарды сақтандырады, осы ретте денсаулық сақтау саласына тағы да біршама қаржы құйыла ма?

- Біз келер жылы қорға 1,6 трлн теңге көлемінде қаржы жиналады деп күтіп отырмыз. Ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласына 972 млрд теңге бөлінді, халыққа қажетті қызметтер тапшылығы 600 млрд теңгеден асып жығылды, демек денсаулық сақтау саласы осыншалықты қаржыландырылмаған. Және де бұл ретте алғашқы кезектегі қызметтер туралы айтып отырмын. Жүйе тұрақты және барлық талаптарға жауап беруі үшін қаржыландыру ЖІӨ-нің 5% дейін қаржыландырылуы керек.

- Жұмыс берушілер мен жұмысшылардың төлеп отырған жарнасы осыған мүмкіндік бере ме?

- Соңғы 18 жылда маңызды медициналық шығындарды есептеу үш рет жасалды. Нөлінші жылдары денсаулық сақтау жүйесін әртараптандыру және дамыту бойынша алғашқы мемлекеттік бағарлама жасақталды, ол кезде барлық ұлттық медициналық есепшоттар мен барлық қажетті қаражат көлемі есептелді. 2010 жылы МӘМС-қа дайындық ретінде бұл саңдар қайта тексеріліп, жаңартылды. Ол кезде барлық стационарлық қызмет түрлерін қаржыландыру орталықтандырылды. 2017 жылы барлық амбулаторлық қызметтерді қаржыландыру орталықтандырылды және медициналық қызметтерді стратегиялық бірыңғай сатып алушы – МӘМС қоры құрылды. Яғни, ӘМСҚ құру – бұл 10 жыл бойы кезең кезеңімен атқарылған жұмыстың нәтижесі.
Жарнаға келетін болсақ, оның көлемін анықтау бойынша жұмыстар соңғы екі жылда жүргізілді. Алғашқыда жарна көлемі қазіргіден сәл көбірек болады деп жоспарланған. Бизнес пайыз тым жоғары деп қарсылық танытқаннан кейін, қайта есептеп, алтын ортаны таптық. Міндет – кезең кезеңімен жұмыс беруші мен жұмысшының жарна көлемін 5% дейін жеткізу, осындай жағдайда алғашқы кезеңде қажет қаржы көлеміне қолжеткізетін боламыз.
ЖІӨ-нің 5% туралы айтатын болсақ, бұл сан мына үш көз арқылы жасақталады: бюджет (ГТМКК қаржыландыруды мемлекет толығымен өз мойнына алып отыр және 15 санат бойынша жеңілдігі бар азаматтарды сақтандыруда), жұмыс берушінің және жұмыс істейтін азаматтың міндетті жарнасы, ерікті түрде медициналық сақтандыру.
Бұл не үшін жасалады? Бүгінде сақтандыру науқастың қалтасынан 42% қаржыландырылады – бұл ақылы қызметтер, жеке поликлиникаларға қаралу, дәрі дәрмектерді сатып алу және т.б.. Жүйенің бұл түрі тұрақсыз деп есептеледі. Өткінші кезеңде оған жол беруге болмайды – мемлекет өз азаматтарын барынша қорғау керек. Мен түсіндіріп отырған осы үлгі медициналық қызмет көрсету саласын барынша тұрақты дамытуға септігін тигізетіні экономикалық тұрғыда дәлелденді.

- МӘМС енгізілгеннен кейін тегін қызметтер тізімі кеңейе ме? Бүгінде бір дерт бойынша қаралатын болсаңыз УДЗ тегін жасалса, МРТ ақылы жүргізіледі. Осы жағдай өзгере ме?

- Емделу процесі бес кезеңнен тұрады: алдын алу, диагностика, емдеу, оңалту және сауығу мен паллиативті көмек. Біз әрқашан біздің медицина тегін деп айтып келдік, алайда КТМКК-ға не кіретіні туралы нақты тізім болмады. Сондықтан да емделуші жүйеге тәуелді болып қалатын, қай қызметтің тегін, қайсысының ақылы екенін білмеді.
Ағымдағы жылы пайда болған қос пакет – КТМКК мен МӘМС аясында алғаш рет тегін және ақылы қызметтер арасында шекара пайда болды. Осы қос пакетке кіретін барлық қызмет түрлері тегін көрсетілетін болады. Егер емдеу барысында оңалту, паллиативті көмек, қымбат зерттеулер керек болса келер жылы қорға түсетін қаржы осы мақсаттарға бағытталады. Амбулаторлы-дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету тізімі кеңейтіледі. Сонымен қатар, амортизациялық шығындар артады, бірінші кезекте медицина қыземткерлерінің жалақысы көтеріледі.
Жалпы, барлық емделу процесі теңдей қаржыландырылуы керек, олай болмаған жағдайда бірден ақылы болады. Бұл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде, тіс дәрігерінің қызметін алуда, зертханалық зерттеулерде және өзгеде қызметтерде қатты сезіледі.

- Тегін дәрімен қамтамасыз ету демекші, ол қандай өзгерістерге ұшырайды? Сонымен қатар, дәрілердің уақытылы жеткізілмеуіне байланысты айқай-шу басыла ма?

-Сатып алумен СК-Фармация айналысады, біз ол процеске араласпаймыз. Басты сатып алушы ретінде одан қызметін сатып аламыз, жазылған рецепттердің санына қарап есептеп, ақшасын төлейміз. Егер естіген болсаңыздар, өткен жылы дәрі дәрмек бойынша 20 млрд теңгеден астам жарды үнемделгені туралы айтылған болатын, бұл әр рецептті есептеп, тіркей бастағанмен байланысты болды. Жалғыз айтарым, МӘМС бойынша тегін берілетін дәрілер тізімі кеңейтілетін болады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға – көп балалы отбасыларға, 5 жасқа дейінгі балаларға, егде жастағы қарияларға берілетін дәрілер тізімін кеңейтуге дайындалуда.

- Сіз МӘМС аясында дәрігерлердің жалақысы артатыны туралы айттыңыз. Дәрігерлер саны нақты бір санат арта ма?

- Қызықты сұрақ. Қазақстан дайындалған және жүйеде жұмыс істейтін дәрігерлер саны бойынша алғашқы ондыққа еніп отыр. Яғни дәрігерлер бізде жеткілікті, мәселе олар қайда жиналғанында. Білікті мамандардың басым бөлігі жеке секторда жұмыс істейді, ал бергілі бар сала бойынша мамандардың жетіспеушілігі туралы айтқанда біз көбіне мемлекеттік емханалар, мемлекеттік денсаулық сақтау саласының проблемалары туралы айтамыз.
Бұл мәселені қалай шешуге болады? Біз Денсаулық сақтау министрлігі мен ауруханалардың арасында сатып алушының қызметін атқаратын бейтарап қор болып табыламыз, жеткізушілер жүйесіне енгісі келетіндер үшін ортақ талаптарды енгіземіз, біз үшін аталған жеткізушінің меншік үлгісінің қандай екені маңызды емес. Яғни, біз тартымды бәсекеге толы нарықты құрамыз және қатысушылардың барынша көп болғанына мүдделіміз. Бұл болашақта кадр және жалақы мәселесін түбегейлі шешуі керек.
Біз медицина қызметкерлерінің төмен жалақысы туралы айтқанда – мемлекеттік емханалар туралы қайтадан айтамыз. Бір тариф бойынша барлығына бірдей төлесекте неге оларда жалақы төмен, неге қатысушыларда жоғары? Бұл менеджмент мәселесі. мемлекеттік емханаларда да нарықтық басқару жүйесі жұмыс істей бастағанда (базадағы жеткізушілердің 50% – жекеменшік, біз олардың саны 70-80% дейін артады деп күтіп отырмыз) тапшылық, жалақы мәселелері өздігінен шешіледі. Мемлекеттік емханалардың бас дәрігерлері бүгіннен бастап бұл жүйеде қалай жұмыс істеу керек екені туралы ойлануы керек. Себебі ертең «көк тиында» алмайды. Біздің басты қағида - ақша науқастың артынан жүреді. Бұдан былай, қаржыландыру, жатын орын, дәрігерлер болмайды.

- Науқастың артынан ақша жүретін болса, дәрігерлер өтірік ауру тауып, сол үшін қаржы алуы мүмкін. Бұл проблема қаншалықты шешімін тауып отыр?

- Бұл жаһандық проблема. Өтірік ауру тауып жазу – бұл алаяқтық. Алайда біз бұл мәселеде көптен күткен ашықтық пайда болады деген үміттеміз. Қалай? Біріншіден, ақпараттық технологиялар есебінен. Осы уақытқа дейін науқастың ару тарихы қағазға жазылатын. Олар бірыңғай жүйеге негізілделмеген болатын. Осыны ескере отырып, бізде бірыңғай ақпараттық жүйе жасақталды (қандай болсада ол жұмыс істеп отыр). Біз әр науқасты көріп отырмыз – оның амбулаторияға, стационарға жүгінгені, қандау ем қабылдап жатқаны. Сондықтан бізге ол науқасты қайта тексеріп шығу қиындыққа соқпайды. Оның қандай дәрілерді қабылдағаны, қандай сараптама тапсырғаны дегендей. Сонымен қатар, жоқ ауруды жазып бергені үшін айыппұл салынатыны туралы барлық емханаларға ескертіп жатырмыз. Айыппұл сомасы емделуге кеткен шығыннан 300-есе жоғары болуы мүмкін.
Бұдан басқа, бізбен келісімге отыру үшін емханалар өзінің жұмыс істей алатынын дәлелдеу керек: нақты мамандар штаты, медициналық қызмет көрсету нарығындағы тәжірибесі және кез келген қызметті біз жүйеде бекітілген талаптарға сай жасалған жасалмағанын тексереміз. Егер қызмет соңына дейін көрсетілмесе, немесе сапасыз болса, біз тек ақшасын төлемей ғана қоймаймыз, біз айыппұл саламыз. Науқас өзінің ем қабылдауын қор тексеріп отыратынын білуі керек.
Бүгінде түсініспеушіліктер бар, өтірік жаза салуда бар, олар бюджетке сеніп, бұрынғы жүйе бойынша жұмыс істеп үйреніп қалғандар. Алайда ауру санының өсімі бір-екі жылдан кейін басылады деген ойдамын. Оның үстіне нарыққа құмартып отырған жекеменшік компаниялар өздеріне бірдей қарағанын талап етеді.

- Қазақстанда сақтандырылған медицинаны енгізудің алғашқы талпынысы үлкен жанжалмен аяқталды, ол кезде қазақстандықтардың қаржысы шетелге шығарылды. Екінші талпыныс біріншісіне қарағанда сәтті өтеді деген сенім бар ма?

- Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ) мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) арасындағы айырмашылық, біріншісі коммерциялық кәсіпорын болды. Ол нарықтық принцип және жинақтаушы жүйе бойынша жұмыс істеді. Бұл ММСҚ-қа коммерциялық қызметпен, дәрі-дәрмек сатып алумен айналысты және т.б. Бүгінде бұл тәуекледердің барлығы алынып тасталды, кез келген коммерциялық қызметке бізге тыйым салынған, біз көрсетілген қызметтің сапасына, көлеміне қарай төлейміз. Барлық қаржы Ұлттық банкте және оның мақсатсыз жұмсалуы барынша төмендетілген.

- Сұхбатыңызға рахмет!

adimage