Қанат Тасыбеков: қазақтарда қызды ұрлау деген болмаған (видео)

Алматы. 27 қаңтар. ҚазТАГ – Владимир Радионов.
Қазақстандағы жаңалықтар таспасында үйлену мақсатымен кезекті рет қыз ұрлады деген хабар апта өтпей жарық көруде. Күйеу жігіттер болса қазақтарда сондай салт болған деп ақталуда – қызды ұрлап кетеді және ол үшін ешкім қыздың келісімін сұрамаған дейді. Ортағасырдағы жабайылыққа қарамастан, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жетік білетіндер ата-бабамызда қызды ұрлау деген болмаған дейді, себебі қазақ қоғамында әйел затын өте құрметтеген. Жазушы Қанат Тасыбековпен бүгінгі сұхбатымыз қыз ұрлау және қазақ қоғамындағы әйелге деген көзқарас тұрғысында болмақ.

- Қанат, басты сұрағымызға жауап беріңізші: қазақтарды қызды ұрлаған ба, жоқ па?

- Енді «кімнің қылышы өткір, аты жүйрік» деген ұстаным бойынша бәрі шешілген кезге келсек, ал әйел ол кезде сыйлық болған болса, осыған ұқсас жағдай барлық ұлтта да болған. Ал енді әдет-ғұрыптар мен салт дәстүр туралы айтар болсақ, қазақтарда нақты ұрлау болмаған. Тілді білген жағдайда бәрі түсінікті болады (біздің жағдайымызда қазақ тілін). «Қыз ұрлау» салты туралы айтқанда менде үнемі «қыз ұрлау» деген сөзді қазақ тілінде қайдан кездестірдің деген сұрақ туындайды. Егер салт болған болса оның атауы болуы тиіс. «Қыз алып қашу» - қызды ұрлау салты осылай аталады. Бірақ мұнда «ұрлау» деген сөз бар ма? Егер дұрыстап аударсақ «сбежать с невестой» («қызбен бірге қашу»). Сонда бәрі түсінікті болады. Бұл екі жақтың келісімімен жасалады. Мәселен, егер қызды сүйгеніне бермесе, шалға бермек болса, ал оның сүйгені бар болса, онда жастар өзара келісіп қашып кетеді. Және қыз баланың ата-анасы да ешқашан қызымызды ұрлап кетті демеген. Олар «қыздар қашып кетті» деген.

- Тіпті Тәуке ханның заңдарында да, менің білуімше қызды ұрлағаны үшін жазалаған …

- Әрине. Жақында бізде де адамдар білместіктен, сауаттарының жоқтығынан қызды алып қашқандары үшін ҚР ҚК бап енгізбек болды. Бірақ біз артта қалған республика емеспіз ғой, бізде адамды ұрлағаны үшін бап бар, әйел ме, еркек пе айырмашылық жоқ, және қандай мақсатта екеніне де қарамайды. Адам ұрлағаны үшін заң бойынша қатаң түрде жауап береді. Ал енді егер ер адам қызды үйлену мақсатында ұрласа бұл жазасын жеңілдететін жағдай ретінде қаралсын деп те айтты.

- Салт жоқ, ал қыздарды ұрлау көбейіп жатыр. Сіздің ойыңызша оған не себеп?

- Қазақтың үйлену салттарының ережелері мен шығындары көп: құда түсу, қыз ұзату, жігіттің үйлену тойы, киттесу, тәтті шәй деген секілді. Ал егер сіз қызды алып қашсаңыз құда түсу мен қыз ұзату болмайды, бірден жігіттің тойы. Және қазір салтымызда қыз ұрлау болған деп жүрген этнографтарға ұрлық үшін қылмыстық жазаға тартылатынына жауап берулеріне тура келеді. Және бұл салт туралы айтудың керегі жоқ, себебі ондай болмаған.
Айтпақшы, ең жаман өтірік – бұл жартылай шындық. Алып қашу салты ұрлыққа ұқсайды, бірақ, тағы да қайталап айтамын, бірге қашу. Қазір оны жартылай түсінбеудің салдарынан салтымыз өзгеріп кетті, басқаша түсіндіріліп жатыр. Бұл мәдениет деңгейінің жалпы төмендеуінен орын алып отыр. Біз құбылмалы кезеңде өмір сүріп жатырмыз: біз өскен формация өзгерді, олигиархтар мен азқамтылғандар класы қалыптасты. Және қазір ата-аналары кезінде білім алмағандардың балалары жастай үйленіп жатыр. Олар балаларына не бере алды? Біздің қоғамда білімдері өте тайыз, мәдениет деңгейлері төмен дүбәра халықтың пайызы жоғары. Және олар өздеріне қолайлысын жасайды. Қыз балаға жақсылап көңіл бөлу үшін, оны киноға апару, кафеге шақыру, гүл сыйлау сияқты жағдайлар жасау үшін ол олигархтың ұлы болуы керек. Егер олар қыз-жігіт болып, айталық, жарты жыл жүретін болса, оған бір үлкен тойдың ақшасы шығып кетеді. Сондықтан, ол ұнаған қыздың қолынан ұстап, көлікке отырғызып алып қашуға болады екен дейді, болды қыз сенікі. Яғни ондай жәйттің орын алуына экономика да әсер етіп отырғандай.
Ал енді біз салт туралы айтар болсақ, қазақтарда әйелдердің ер азаматтармен бір деңгейде тұрғанын ұмытпауымыз керек.

- «Әйел, аузыңды жап» деген қазақтарда болмаған ба?

- Сіз не айтып отырсыз, әйелдер тіпті айтыстарға да қатысқан ғой! Ондайды елестету де мүмкін емес. Бірақ егер айтыс - ол мерекелік шара дер болсақ, онда көптеген тұрмыстық мысалдарды келтіруге болады, небір сөзуарлардың өзіне жауап беріп тастаған әйелдер болған. Әйелдер ұрпақ жалғастырушы, олар күрескер халық. Және сондай тарихи салтымыздың дәлелі ретінде Жәния Әубәкірованы, Жансая Әбдүмәлікті және т.б. айта аламыз.
Қазақтардың «қыз қонақ» деуі жәйдән жәй емес, яғни қыз ол үйдегі қонақ, уақыты келгенде күйеуге шығып өз үйіне кетеді. Ал қонақты қалай құрметтейміз? Сыйлаймыз. Қызды үйде төрге отырғызған. Қазір біз төрге ақсақалдарды, әкімдерді отырғызып ортодокс болғанбыз... Жалпы әйел дегеніміз – бұл қазақ халқының ең жақсы бөлігі, себебі олар әрқашан ер адаммен тең болған, олар ешқашан беттерін жаппаған.

- Қазақтарда ешқашан беттерін жаппаған деумен сіз салт-дәстүр мен әдет-ғырып қатарындағы тағы бір талқыланып жүрген тақырыпты қозғап кеттіңіз, менің білуімше хиджаб кию де қазақтарда ешқашан болмаған ғой?

- Шын мәнінде де болмаған. Және тарихи өрнектерде қазақ әйелдерінің бас киімдерінің қандай болғанын көруге болады. Қоғамдағы әйелдің жағдайына тағы да тоқталайын: киіз үйдің өзі екіге бөлінген: әйелдер және ерлер бөлігі деп, және ол тең бөлінген. Сонымен қатар мен хиджабқа қатысты үлкен проблема көріп отырған жоқпын, оны кигенде беті ашық болады. Ал бізде күйеуге шыққан әйелдер шаштарын орамалмен жапқан. Мен алғаш рет өз анамды жалаңбас көргенде – ол кездейсоқ болды – мен есеңгіреп қалдым, себебі мен оны ешқашан орамалсыз көрмеппін.

- Бірақ хиджаб пен орамал  - екі түрлі нәрсе ғой.

- Әлбетте. Қазақтың қыздары ешқашан хиджаб кимеген, беттерін жаппаған, бұл біздің еліміздің ерекшелігі. Тіпті қоғамның исламдалып жатқанына қарамастан, мен Қазақстанда хиджаб қабылданбайды деп ойлаймын. Тарихи тамыры жоқ нәрсенің болашағы да жоқ деп санаймын.
Францияда мәселен, хиджабқа қатысты заңнамалық деңгейде шектеу бар. Алайда олардың өз ерекшеліктері бар, ол жақта араб елдерінен келгендер заманауи француз қоғамының белгілі бір бөлігін құрайды, және оны қандай да бір қажеттіліксіз басқа елдерге сіңірудің керегі жоқ. Бірыңғай ортақ заңның болуы мүмкін емес қой.
Оның үстіне, қандай да бір салттар мен діндер ескіреді. Бұрын, намаз оқылып жатқан жерде мұсылманның басы жабық болуы керек болатын. Менің өзім есімде үнемі тебетай алып жүретінмін. Қазір олай емес, әйелдер де ең болмағанда басыңа майлық қоюың керек деген ақылға қонбайтын салтты ұмытып жатыр, майлықпен шашыңды жабу деген – екіжүзділік қой. Ең бастысы басыңның үстінде не тұрғаны емес, басыңның ішінде не бары. Біздің халқымыздың – мен өте позитивті қараймын – болашағы өте зор, бізде фанатизм мен әдеттен шықпаушылық деген жоқ. Ал хиджаб пен қыз ұрлау әйтеуір бір басылатын көпіршік қана.

- Сұхбатыңызға рахмет!

adimage