Алматы. 11 шілде. ҚазТАГ - Теңге бағамы долларға шаққанда 345 теңгеге дейін әлсіреуін жалғастырады, деп болжам жасады Forex Club компаниясының сарапшысы Иван Марчена.
Сарапшының есептеуінше, Қазақстанның ұлттық валютасы үшін Ұлттық экономика министрлігінің ел экономикасы І жарты жылдықта 4,1 артты деген мәлімдемесі жақсы жаңалық болды.
«Қазақстан экономикасының өсімі инфляцияның төмендеуінен және инвестициялық белсенділіктің артуы есебінен жүруде», - деп назар аударды И. Марчена.
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы аясындағы мұнай бағасының кезекті төмендеуі теңге үшін жағымсыз фактор болуы мүмкін.
«АҚШ мен Қытай арасындағы сауда соғысының кезекті шиеленісуіне байланысты әлемдік мұнай бағасы сәрсенбіде біршама төмендеді. Сонымен, америкалық билік 200 млрд долларға импортталатын қытайлық тауарларға баж салығын енгізбекші», - деп толықтырды ол.
Оның пайымынша, осының барлығы америкалық валютаның 1 доллар үшін 345 теңгеге дейін өсуіне алып келуі мүмкін.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы АҚШ елшісі: Мен революция елшісі емеспін
10 Ақпан 2021, 14:41 -
АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз
30 Шiлде 2020, 08:42