Сарапшы пікірі: билік өзгерісті өзі қаламайынша шенеуніктердің тұрғын үй басымдықтарын теріс пайдаланушылықтары туралы депутаттық сауал ештемені өзгертпейді

Алматы. 21 желтоқсан. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Билік өзгерісті өзі қаламайынша шенеуніктердің тұрғын үй басымдықтарын теріс пайдаланушылықтары туралы депутаттық сауалы қазақстандық қоғамда ештемені өзгертпейді, деп санайды белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев.
«Шенеуніктердің тұрғын үй басымдықтарын теріс пайдаланушылықтары туралы депутаттық сауалы қазақстандық қоғамда ештемені өзгертпейді. Тіпті бір депутат қандай да бір дұрыс идея айтатын болса да, оның қоғамда қандай да бір шұғыл нақты өзерістерге алып келуі мүмкін емес. Себебі бұл теріс пайдаланушылық мемлекеттік басқару жүйесіндегі үлкен проблемалардың барынша кішкентай сәулесі ғана. Және бүкіл жүйенің нақты өзгеруін алдымен билік қалауы керек», - деп жауап берді Д.Сәтпаев ҚазТАГ-қа мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекованың Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған шенеуніктердің тұрғын үй басымдығын теріс пайдаланушылығына қатысты сауалы туралы.
Негізі, деп жалғады сарапшы, депутат көтеріп отырған тақырып өте өзекті.
«Оның қоғамда жағымды әсер тудыру керегі де түсінікті. Басқа жағынан, біздің парламент пен біздің депутаттар, жұмсағырақ айтқанда, саяси алаңның басты ойыншылары болып табылмайды. Сондықтан депутаттар кейде мәлімдеме жасап, қандай да бір себептер бойынша үндеу жасай алады. Бірақ барлығына мына нәрсе де түсінікті: қандай да бір шешімді қабылдауға арналған негізгі тетіктер парламентте отырған жоқ, мәселен, Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігінде, ол болса әкімшілік реформаның процесін бақылауы керек, ал ол туралы бізге бірінші жыл айтылып отырған жоқ», - деп санайды саясаттанушы.
Д.Сәтпаевтың пікірінше, парламенттен кей-кейде осындай түрдегі ұсыныстар қоғамдық кеңістікке шығып жатады. Мәселен, деп еске алады саясаттанушы, парламентте бұдан да қатты мәлімдемелер жасалды.
«Ақ жол» партиясы бірнеше жыл бұрын қазақстандық экономиканың деофшоризациялануы тақырыбын көтерді. Атап айтсақ, ол үкімет тарапынан сырттағы офшорлардың қазақстандық қожайындарына бақылауды күшейтуді талап етті. Бәріміз көріп отырғанымыздай нақты бір өзгерістер болған жоқ. Бұл да соңы емес. Тіпті қазақстандық саяси және бизнес элитаның көптеген өкілдері көрініс тапқан «Paradise papers» жанжалы мен «панамалық досье»-ден кейін де жақсы жаққа қарай ешқандай өзгеріс байқалмады», - деп санайды Д. Сәтпаев.
Оның айтуынша, депутаттың бұл мәлімдемесіне қызығушылық танытып, онда шындықтың қандай да бір үлесінің барын мойындап, тәртіп орнату мен бақылауды күшейтудің қажеттігі түсінікті.
«Бірақ мәселе, шын мәнінде басқада: биліктің өзінің «тәртіп орнатып, бақылауды күшейтуге деген» ниеті мен батылдығы бар ма екен»?», - деп сұрады сарапшы.
Жалпы, саясаттанушы атап өткендей, басымдықтарға қол жеткізу мен оларды теріс пайдалану мүмкіндігі Қазақстанда мемлекеттік қызметпен өз өмірлерін байланыстырғылары келетін адамдарды арбайтын «тәтті тоқаштардың» бірі болып табылады. Басқа жағынан алып қарасақ, мемлекеттік басқару жүйесінде осы басымдықтарды қысқарту тұрғысынан ештемені өзгертуге ынтасы жоқ көптеген адамдар қайнап жатыр. Тіпті бұл ресми түрде болса да, онда біздің бюрократиялық жүйеміз келесі қағида бойынша әрекет етуге үйренген: «Егер бір жерде бірдемені азайту керек болса, онда міндетті түрде басқа жерде бірдемені көбейту керек».
«Қарапайым адамдар тарапынан оң серпін бар (депутаттық сауалға –ҚазТАГ), ал биліктің өзі мен нақты шешімдер қабылдайтын белгілі бір адамдар тарапынан сылбыр әрекет қана», - деген сенімде Д. Сәтпаев.
Сарапшы Павлодарда «7-20-25» бағдарламасына 3,5 есе қымбат баспананы сатпақ болуы салдарынан туындаған жанжалды қалай бағалайтыны туралы сұраққа «болатын нәрсе болды» деп жауап берді.
«Объктивті болайықшы, егер депутат Павлодар әкімдігінде болған жанжалға ұқсас оқиғадан бұрын осындай теріс пайдаланушылықтарға өз пікірін білдіріп жатса, яғни өзі жеке осы тақырыпты көтеруі бір басқа. Және мұндай мәлімдемелердің деректерінен кейін орын алуы бір басқа. Павлодардағы жанжалдың өзі бұрынырақ болды, ал әлеуметтік желіердегі адамдар мен жергілікті БАҚ өз беттерінде бұл туралы ұзақ және әсерлі етіп жазды. Және төменнен жүрген зор қысымның арқасында Павлодарда жағдай әйтеуір жақсы жаққа өзгерді. Және бұл біздің депутаттық корпустың еңбегі емес. Оның үстіне, көбіне барынша резонанс тудыратын жағдайлар кезінде, мысалы Жаңаөзендегідей, жерге қатысы митингілер, немесе кеншілердің ереуілдері кезінде, біздің депутаттар, керісінше, көбіне үнсіздер клубына айналады. Бізде әлеуметтік желілер парламенттің рөлін барынша сәтті атқарып келе жатуына байланысты қазіргі парламентті таратуға болады деген әзілдің туындауы таң қаларлық емес», - деді саясаттанушы.
Бұл ретте депутаттар шенеуніктерді барынша қарапайым ғана емес, мораль жағынан таза болуға шақырулары керек деп сөзін жалғады Д. Сәтпаев.
«Депутаттар осындай теріс пайдаланушылыққа орын қалмайтындай заң қабылдаулары керек. Қазақстан азаматтарының барлығы бірдей тең дәрежеде болатындай заң қабылдауы керек. Және сол заңдарда шенеуніктерге не жасауға болатыны, нені болмайтыны нақты көрсетілуі және оған кімнің бақылау жүргізетіні де, және кімнен сұрау қажеттігі де нақты көрсетілуі керек. Әлемнің көптеген елдерінің заңдары осындай және ол тиімді жұмыс жасайды. Ал бізде заңдар көбіне оларды әр түрлі қылып талқылауға болатындай, жауапкершіліктен кетіп, кінәлілерді таппай қалатындай етіп жазылады. Депутаттар міне осындай заң шығармашылығымен айналысады! Егер бюрократиялық аппаратта теріс пайдаланушылық үшін себеп болса, онда бұл депутаттардың өздерінің істерін аяғына дейін жеткізбеуінен. Ал егер саяси жүйеде теріс пайдаланушылық үшін себеп көп болса, онда бұл барлық жүйеге апгрейд жасау керек деген сөз», - деп мәлімдеді сарапшы.
Неге мемлекеттік билік жүйесі қоғамда ештеме өзгерткісі келмейді деген сұраққа саясаттанушы «барлық жүйе басынан бастап мүдделер қақтығысына құрылған» деп жауап берді.
«Жүйе ішінде барлығы бір-бірімен байланысты – тумалар, достар, жерлестер немесе кластастар. Сондықтан барлығы бір-бірінің артын жабады және олар қалыптасып қалған өмір салтын өзгерткілері келмейді. Және барлығы «берсең берем» қағидасымен жұмыс жасайды. Алдымен бір шенеунік бір шенеунікке қызметтік өкілеттігін теріс пайдалануға қолайлы жағдай жасайды, сосын оған қарымта жауап алады, сөйтіп жалғасып кете береді, шегі жоқ», - деп санайды Д. Сәтпаев.
Еске салсақ, 19 желтоқсанда ҚазТАГ мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа шенеуніктердің тұрғын үй басымдықтарын теріс пайдаланып жатқандары туралы сауал жолдағанын хабарлаған еді.
«Ақ жол» фракциясы бұған дейін бірнеше мәрте шенеуніктердің алқымының кең екенін және олардың қарапайым салық төлеушілердің есебінен жайлы өмір сүруді жақсы көретіндерін айтқан болатын. Мәселен, колледж бен облфилармонияның директорларынан бастап кішкентай бастықтарға дейін үлкен джип пен седан мініп жүреді, әкімдіктегілерді айпағанда. Енді ағымдағы жылы бірінен соң бірі қызметтерін теріс пайдаланғандығы белгілі болуда, тіпті мемесебінен берілген тұрғын үй басымдықтарына да қол сұққан», - деп мәлімдеді ол.




adimage