Жезқазған- Петропавл тас жолында бір табын қой көлік астына түсті
Петропавл. 14 маусым. ҚазТАГ- Жезқазған- Петропавл тас жолында бір табын қой көлік астына түсті, деп хабарлайды ішкі-істер министрлігі.
«Жезқазған – Петропавл автожолында Қызылжар ауданының Семипалатное және Рассвет ауылдары арасында таңғы уақытта Toyota автокөлігінің алдында жолда бір топ қой күтпеген жерден пайда болды»,- делінген хабарламада.
Жүргізуші, облыс аудандарының бірінің тұрғыны малды абайсызда соғып кетті. Апат салдарынан 8 қой өлді, көлікке механикалық зақым келді. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.
«ЖКО тудырған жануарлардың иесіне қатысты үй жануарларын бағу ережелерін бұзғаны үшін хаттама жасалды», – деді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.
Источник фото: Polisia.kz