КазТАГ
Казахское телеграфное
агентство

Астана, 23:08 | 14 марта

Тоқаев: Жергілікті атқарушы билік жүйесіне жаңа адамдар келе бастады

Дата: 16:53, 14-03-2025.

Астана. 14 наурыз. ҚазТАГ -  Жергілікті атқарушы билік жүйесіне жаңа адамдар келе бастады, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Жергілікті билік органдары елеулі трансформациядан өтті. Үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің корпусы 72% - ға жаңарды. Оның үстіне әрбір үшінші жаңа әкім бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Бір сөзбен айтқанда, жергілікті атқарушы билік жүйесіне жаңа адамдар келе бастады", - деді Тоқаев жұма күні Ұлттық құрылтай отырысында.

Оның айтуынша, пилоттық режимде аудан мен облыстық маңызды қалалардың 45 әкімі сайланған. Сонымен қатар, ол биылдан бастап барлық аудан әкімдерін тікелей азаматтар сайлайтынын жеткізді. 

"Барлық деңгейдегі мәслихаттарды сайлау өңірлердегі өкілді билік тармағының қызметіне жаңа серпін берді. Облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттарының 90 пайызы бір мандатты округтер бойынша, яғни тікелей дауыс беру арқылы сайланды. Билік жүйесіндегі мұндай ауқымды өзгерістер біздің мемлекетіміз үшін бұрын - соңды болмаған", - деді президент.