Үш жылда еліміз түбегейлі өзгерді, деп мәлім етті Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана. 14 наурыз. ҚазТАГ – Үш жылда еліміз түбегейлі өзгерді, деп мәлім етті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформа жасайтынымызды айттым. Сол кезде алғаш рет Ұлттық құрылтай туралы бастама көтердім. Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды. Саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді», - деді Тоқаев жұма күні Ұлттық құрылтай отырысында.
Президенттің айтуынша, жалпыхалықтық референдум қорытындысы бойынша Конституцияға түзетулер енгізілді, парламенттің құзыры кеңейді, үкіметтің жауапкершілігі артты, адам құқықтарын қорғау жүйесі жақсарды, Конституциялық сот құрылды, шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың белсене қатысуына жол ашылды. Басқа да бағыттарда маңызды реформалар жасалды