Авторизация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Авторизация
17:51

Петропавл арақ зауыты 1,5 ай үзілістен кейін өндірісін қайта жаңғыртты

14.11.2017 Петропавл. 14 қараша. ҚазТАГ – Петропавл арақ зауыты 1,5 ай үзілістен кейін өндірісін қайта жаңғыртты, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.  
«Зауыт иесінің ауысуына байланысты 1,5 ай тұрып қалды. Қазір өндіріс қайта іске қосылды. Жаңа инвестор арақ зауытын жаңғыртуды жоспарлап отыр», - деді сейсенбі күні әкімдікте.  
Жаңа инвестор Nord Food компаниясының басшылығымен облыс әкімі Құмар Ақсақалов зауытты аралау барысында кездесті. Кездесу бырысында кәсіпорынның ары қарайғы болашағы талқыланды.  
«Бұл кәсіпорын тұрақты жұмыс жасайтын болады деп үміттенеміз. Зауыттың әлеуетті қоры бар.    Акциздер бойынша Т3,1 млрд-ның тек Т2 млрд төленді.  Жыл соңына дейін қалған бөлігін төлеу керек. Бірақ бұл жоспар – төмен. Келесі жылға көбейтілуі тиіс. Жалақы қорын да көтеру керек», - деп атап өтті СҚО басшысы.
Өз кезегінде зауыт директоры Еркін Айдарханов кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасайтындығын мәлімдеді.  
«Зауыт алдында тұрған міндеттердің барлығы орындалатын болады. Бірінші бөлімі – салық, екінші бөлімі- жұмыс орындарын сақтау бойынша әлеуметтік міндеттер.  Сондай-ақ, жұмыс орындарын да көбейте береміз», - деді Е. Айдарханов.
Қазір Петропавлдағы арақ-спирт зауытында 168 адам жұмыс жасап жатыр. Кәсіпорын Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдары құрылды. Зауытта өндірілген жоғары сапалы спирт әскерге жіберіліп тұрған және соғыс алаңдарында  ол  «фронттағы жүз грамм» ретінде жүрген.





Партнеры