Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
17:11

Қазақстанда «Анықтамасыз қызметтер» жүйесі іске қосылды

14.02.2018 Қазақстанда «Анықтамасыз қызметтер» жүйесі іске қосылды Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстанда электронды үкімет порталында «Анықтамасыз қызметтер» жүйесі іске қосылды, деп хабарлады коммерциялық емес «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ баспасөз қызметі.  
«Енді қазақстандықтар меморгандарға мекен-жай анықтамасын, жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын және жылжымайтын мүлкінің бар-жоғын растайтын анықтамаларды әкеліп беруге міндетті емес. Қажетті ақпаратты меморгандар өз бетінше электронды үкімет порталы арқылы сұрататын болады», - делінген таратылған ақпаратта.
Жаңа пилоттық жоба үшінші тұлғаға sms-хабарлама арқылы қызмет алушының келісімі бойынша 3 түрлі ақпараттық анықтаманы алуға мүмкіндік береді. «Ағымдағы жылдың 25 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында ХҚКО-лар арқылы 312 мыңнан астам электронды анықтамалар берілді. Жедел сауалнамаға сәйкес, олардың 45% азаматтар коммуналды қызметтер мен білім мекемелеріне ұсыну үшін алған», -деп баспасөз қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың сөзін келтірді.
Түсіндіріліп кеткендей, жүйені пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркеуде болу керек.
«Жұмыс істеу механизмі оңай: мүдделі тұлға азаматтарға арналған үкімет порталына тіркеліп, «Үшінші тұлғаның анықтаманы алуы жүйесін» таңдауы керек және  азаматтын «ЖСН»  номерін енгізуі керек. Егер азамат мобилді азаматтар базасында тіркелген болса, онда мүдделі тұлға анықтама түрін таңдайды және сұранысқа ЭСҚ-мен қол қояды. Осыдан кейін азаматқа порталдан автоматты түрде sms-хабарлама келеді, онда  рұқсат беру не бастарту сұралады.  Бұл хабарламаға екі сағат ішінде жауап қайтару керек», - деп  түсіндірілген нұсқаулықта.
Paper free механизмі  қағаз айналымын жылына 24 млн анықтамаға қысқартуға және ХҚКО-лардың залындағы операциялық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, деп түйінделген хабарламада.


Серіктестер