Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
16:27

2018 жылы Балтық өңірінің порттары арқылы қазақстандық көмірді тасымалдауды 7 млн тонн дейін арттыру жоспарлануда

14.02.2018 2018 жылы Балтық өңірінің порттары арқылы қазақстандық көмірді тасымалдауды 7 млн тонн дейін арттыру жоспарлануда Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ – Ботагөз Омар. 2018 жылы Балтық өңірінің порттары арқылы қазақстандық көмірді тасымалдауды 7 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев.
«Ағымдағы жылы өсіміне 25 тонна жүктемесі бар инновациялық вагондарды және Шұбаркөлден Ресей Федерациясына 9 мың тонна салмағы бар ауырсалмақты құрамды қолдана бастаймыз. РТЖ-мен (Ресейлік темір жолдар - ҚазТАГ) бір жолға қойылған жұмыс Балтық өңірінің порттары арқылы көмірді тасымалдау көлемін ағымдағы жылы 2 еседен астам көбейтуге, дәлірек айтсақ 7 млн тонна көрсеткішке қолжеткізуге көмектеседі. Олар Лужская және Высоцкая станциялары», - деді Қ. Алпысбаев серсенбідегі инвестициялар мен даму министрлігі коллегиясының кеңейтілген отырысында.
Оның ақпараты бойынша, ағымдағы жылы дәл осындай жұмыс тәсілдерін Алыс Шығыс және Орталық Азиядағы  Находка порттары, сонымен қатар, Каспий бассейнінің порттары арқылы қолдану ойластырылады. Нәтижесінде көмір экспорты 40 млн тоннаға дейін артады.


Серіктестер