Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
16:13

2008 жылғы әлем чемпионатындағы «қола» жүлде Англияда қазақстандық жеңілатлет Рыпаковаға тапсырылады

14.02.2018 2008 жылғы әлем чемпионатындағы  «қола» жүлде Англияда қазақстандық жеңілатлет Рыпаковаға тапсырылады  Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ – Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы  (IAAF) қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакованы наурыз айының басында өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына шақырды, деп хабарлады Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтынан.  
IAAF Қазақстан жеңіл атлетика федеациясына Ольга Рыпакованы әлем чемпионатына шақыру жөнінде ресми хат жолдаған болатын. Әлем чемпионаты 1-4 наурыз аралығында Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтеді. Барлық шығынды IAAF өз мойнына алып отыр. Егер спортшы марапаттау рәсіміне бара алмаса, онда оның ӘЧ-2008 медалі қазақстандық жеңіл атлетика федерациясына беріп жіберіледі.  
Айта кетейік, былтырғы жылы Валенсияда өткен 2008 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатының допин-сынамалары қайта қаралған болатын. Сол кезде үш қарғып секіруден күміс жүлдегер грек қызы Хрисопийи Деветцидің допинг қолданғаны анықталды. Ольга Рыпакова бұл біріншілікте 14.58 метрге секіріп төртінші орын алған.
Ол кезде Әлем чемпионатында бірінші орынды – кубалық Яргелис Савинье (15.05), екінші орынды – Деветци (15.00), үшінші орынды – Мария Шестак (Словения, 14.68) алған болатын. Енді Рыпакова бір сатыға көтеріліп, қола жүлдеге ие болып отыр.



Серіктестер