Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
15:56

Оңтүстік Корея ҚХДР-дың Олимпиадаға қатысқаны үшін шамамен $2,9 млн төлейді

14.02.2018 Оңтүстік Корея ҚХДР-дың Олимпиадаға қатысқаны үшін шамамен $2,9 млн төлейді Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ – Оңтүстік Корея билігі қысқы Олимпиада-2018 ойындарына қатысқаны үшін КХДР-ның шығындарын төлейді, деп жазады РБК.
Reuters хабарлағандай, оған бюджеттен $2,86 млн. бөлінген.
Елдің біріктіру министрлігі Сеул 22 спортшының келуін төлейді деп жариялап та қойды.  Сондай-ақ 420-дан астам солтүстік кореялық әртістің, журналистердің, жанкүйерлер мен тхэквоншылардың көрсетілім командасы  мүшелерінің жатын-орны мен тамақтану шығындарына да  қаржы бөлінеді, делінген хабарда.  
«Барлық солтүстік кореялық делегацияның олимпиадаға қатысуының ақырғы сомасы кейінірек белгілі болады», - делінген хабарда.  
«Бұл ретте құрамына ҚХДР Жоғары халықтық жиналыс президиумының төрағасы Ким Ен Нам мен солтүстік корея лидерінің апасы Ким Е Чжон кіретін жоғары лауазымды тұлғалардың шығындары бөлек төленеді. Олардың Ойындарды қарауға бару шығындарының нақты сомасы жарияланбайды», - делінген хабарда.  


Серіктестер