Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
15:36

Атырауда жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік төлемдері есебінен 55-метрлі шолу дөңгелегі бар парк салу жоспарлануда

14.02.2018 Атырауда жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік төлемдері есебінен 55-метрлі шолу дөңгелегі бар парк салу жоспарлануда Атырау. 14 ақпан. ҚазТАГ - Атырауда 55-метрлі шолу дөңгелегі бар парк салынады, деп хабарлады қала әкімі Серік Шапкенов.
«Бүгінде Орал өзенінің бойында бой көтеретін парктің жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып қойылған және сараптамадан өтуде. Парктің алаңы - 6,5 га, парк аумағында 3,1 га жасыл желек отырғызылады», - деді С.Шапкенов сәрсенбідегі облыс орталығында халыққа әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша есебінде.
Әкім атап өткендей, парктің аумағына боз арша, бөртегүл, арша отырғызылады. Паркте биіктігі 55 м шолу дөңгелегі, балалардың ойын алаңы, әткеншектер, шағын футбол алаңдары, streetworkout, скейт-бординг алаңдары, ұзындығы 300 м болатын жаяу жүргіншілер субұрқағы, жаяу жүргіншілер және веложолдар болады.
Оның айтуынша, дәл осындай паркті салу қажеттілігі көптен бері туындады.
«Облыс басшылығының тапсырмасы бойынша біз азаматтардан ұсыныс жинап, олардың барлығын ескере отырып оңтайлы үлгіні таңдап алдық. Парктің құрылысы жерқойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік төлемдері есебінен жүргізіледі», - деді С. Шапкенов.


Серіктестер