Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
13:51

Назарбаев ҚР СІМ басшысымен АӨСШК және Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысын талқылады

14.02.2018 Назарбаев ҚР СІМ басшысымен АӨСШК және Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысын талқылады  Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдірахмановпен  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) мен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысын  талқылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Кездесу барысында Қайрат Әбдірахманов Мемлекет басшысына Сыртқы істер министрлігінің қазіргі қызметі, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімдеді.  Елбасы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі мен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысындағы ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерге баса назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар тұрғысынан алғанда, сыртқы саясат ведомствосы экономикамыздың басты салаларына шетелдік инвестиция тарту үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Ақордада атап өткендей, Қазақстан президенті кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.  


Серіктестер