Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
13:23

Дубайда алдағы күндері ұшқышсыз әуе таксилері ұшырылады

14.02.2018 Дубайда алдағы күндері ұшқышсыз әуе таксилері ұшырылады Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ – Дубайда алдағы уақытта ұшқышсыз әуе таксилері ұшырылады, деп хабарлады ТАСС:  
«Көліктің түрі ерекше – автономды (кабинасында адам басқарып отырмайды – ҚазТАГ) әуе таксиі, жақын болашақта БАӘ-дегі ірі қала Дубай аспанында пайда болады. Бұл ерекше жоба  сейсенбі күні осында өтіп жатқан тиімді мемлекеттік басқару және өмірдің түрлі саласына  заманауи технологияны енгізу тақырыбына арналған 6-шы Дүниежүзілік үкіметтік саммитте   (World Government Summit) таныстырылды», - делінген сәрсенбіде жарияланған хабарда.  
Бұл ретте Madinat Jumeirah кешенінде өтіп жатқан шараға халықаралық ұйым басшыларын, жетекші ғылыми-техникалық құрылым мен әлемнің технологиялық корпорация басшылығының өкілдерін қоса алғанда 140 елден 4 мыңнан астам делегат қатысып жатыр. Таксидің жаңа түрін іске қосу туралы бастаманы Дубайдың  жол және көлік жөніндегі басқармасы көтерген, ол  Volocopter неміс компаниясын әріптестікке шақырып отыр. .
«Әуе таксиі қауіпсіздік пен сенімділіктің жоғары стандартына жауап беретін болады. Оны GPS-навигатор негізінде арнайы бағыттарды бағдарламалау жүйесінің көмегімен автопилот басқарады. Таксидің қозғалысын жерде отырған оператор жүзеге асырады», - деп мәлімдеді басқарма өкілі.
«Дубайдың әуе таксиі – көліктің экологиялық тұрғыдан таза түрі, себебі ол электр тоғымен жұмыс жасайды.  Жобаға сәйкес, ұшудың максималды ұзақтығы 30 минуттан  аспайды, ал максималды жылдамдығы   - 100 км/сағ. Ұшу биіктігі 2 мың метр құрайды», - делінген таныстырылым материалында.  
Әуе таксиіне смартфонның көмегімен тапсырыс беруге болады, клиентке ұшудың расталғаны және бағытының нақты жоспары туралы хабарлама жолданады.  Бұл ретте жоба авторлары «әуе таксиі баратын жерге уақытында және барынша жақын жерге қонады» деп уәде беруде.    


Серіктестер