Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:42

Қарағанды облысының көлік жолдарын жөндеуге 2018 жылы бюджеттен Т39,1 млрд бөлінді

12.01.2018 Қарағанды облысының көлік жолдарын жөндеуге 2018 жылы бюджеттен Т39,1 млрд бөлінді Қарағанды. 12 қаңтар. ҚазТАГ – Қарағанды облысының көлік жолдарын жөндеуге 2018 жылы бюджеттен Т39,1 млрд бөлінді, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«2018 жылы Қарағандыдан Теміртауға дейін Орталық-Оңтүстік дәлізінің бөлігіндегі жұмыстар аяқталады. Сондай-ақ, осы жылға Қарағанды-Жезқазған жол бөліктерін орташа жөндеу жұмыстарына, Қарқаралы және Баянауыл бағытындағы жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ағымдағы жылы бюджеттен жолды жөндеу жұмыстарына Т39,1 млрд бөлінген.  Бұл 800 км жолды қамтуға мүмкіндік береді. Былтыр біз бұл салада көптеген жұмыстарды еңсердік.   Т33,5 млрд сомаға 863 шақырымға жөндеу жасалды», - деді Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошанов жұмада.  
Өңір активінің жиналысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылау барысында әкім Қарағанды-Жезқазған және Қарағанды -Қарқаралы жолдарында жөндеу жұмыстары жүргізілгенін еске салды. Сонымен қатар, Қарағандының Солтүстік және Шығыс айналма жолдарының құрылысы да басталған.  
«Облыстық және аудандық автожолдардағы 4 көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауға, Қарабас-Жартас және Ақтоғай-Балқаш бағыттарындағы проблемалы учаскелердің күрделі жөндеу жұмыстарына да қаржы қарастырылған. Алғаш рет біз бюджеттен аудан орталығы ішіндегі жолдардың жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырдық», - деді Е. Қошанов.




Серіктестер