Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
11:15

2018 жылға арналған тегін дәрілерді сатып алу рәсімі тікелей эфирде көрсетіледі

15.11.2017 Астана. 15 қараша. ҚазТАГ - 2018 жылға арналған  тегін дәрілерді  сатып алудың тендерлік рәсімдерін тікелей эфирде көруге болады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен.
«2018 жылы ел халқын дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша өтетін тендерлік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютер негізгі  тендерлік рәсімдердің онлайн көрсетілімін ұйымдастырады», - деп хабарлады ҚР ДСМ сәрсенбіде.
Тікелей көрсетілім баспасөз қызметінің ақпараты бойынша,  СК-Фармацияның сайтында «www.sk-pharmacy.kz» көрсетілетін болады.
«Онлайн тәртіпте тендерлік өтінімдерге қосымшалары бар конверттерді ашу рәсімі – 24 қарашада, тендерлік рәсімдердің ақтық кезеңі  аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің  бағаны төмендету рәсімі –  4 желтоқсанда өтеді», - деп толықтырды министрліктен.  
Министрліктен атап өткендей, бірыңғай дистрибьютордің Facebook ресми аккаутында тендерлік және сараптамалық комиссия отырыстарының күн сайынғы фотоесебі жарияланып отырады.
«Тұрақты түрде  тендер өткізіліп жатқан  залдағы жағдайдың барлығына видео түсірілім жасалады. Ол бірыңғай дистрибьютордың мұрағатында сақталады», деп атап өтті ведомстводан.  
Баспасөз қызметінен хабарлағандай, бірыңғай дистрибьютердің сайтында  ағымдағы тендерге арналған арнайы бөлім бар.
«Ол жерде нақты уақыт тәртібінде толықтыруларды ашу рәсімдерін және аукционды бақылап,  тендерлік комиссияның барлық отырыстарын, өткен шаралардың бейнежазбаларын  қарауға болады. Бұл шаралардың барлығы біздің сатып алу рәсімдеріміздің барынша ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қызығушылық танытқан барлық тараптар  тендерлік рәсімдерді онлайн тәртіпте қарап, шешімдердің қалай және не себепті қабылданып жатқандығын қадағалап, олардың бейтараптылығына және әділдігіне көз жеткізе алады», – деп түсініктеме берді «СК-Фармация» ЖШС  Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Әсемгүл Ержанова.
Министрліктен хабарлағандай, сайттың 2018 жылға арналған сатып алу бөлімінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға қатысты сұрақ қойып, кез-келген мәселе бойынша үндеу қалдыруға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада бірыңғай дистрибуция жүйесі бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды  сатып алу бойынша тендерлік рәсімдер басталған болатын. Ал, 3 қарашада 2018 жылы Қазақстан халқын дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша тендерлық рәсімдерге қатысқан фармацевтикалық компаниялар  өтінімдерінің конверттерін  ашу рәсімі өткізілген.
Енді, ҚР ДСМ ақпараты бойынша,  20 қарашаға дейін  тендерлік комиссия өтінімдерімен танысып, ұсынылған құжаттамаларға ескертулер жасайды, содан  кейін компанияларға оны түзетуге мүмкіндік беріледі. Тендерде жалпы сомасы 82,4 млрд теңгенің  484  атауы жарияланған.


Серіктестер