Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:55

KASE индексі сейсенбіде 0,1% -ға 2077,7 дейін өсті

14.11.2017 Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,09% - 2075,9-дан 2077,7-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі өткен сауда-саттық күнімен салыстырғанда 9,5% артып, 237,6 млн. теңгені немесе 713,2 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес сауда барысында  «Қазақстан халық банкі» АҚ (+0,9%),  «Кселл» АҚм (+0,8%),  «KEGOC» АҚ (+0,5%) және   «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (+3,6%). акцияларының бағасы өсті.
Ал Kaz Minerals PLC (-1,1%),  «Қазақтелеком» АҚ (-4,1%) және «Қазтрансойл» АҚ (-0,1%) бағасы арзандады.


Серіктестер