Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
17:32

Астана қаласының №71 бағытындағы автобустар мен қозғалыс сызбасы жаңартылды

14.11.2017 Астана. 14 қараша. ҚазТАГ - Астанадағы №71 автобус пен сызбасы жаңартылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Хабарда айтылғандай, 16 қарашадан бастап № 71 автобус бағдарының қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
«Көктал-2» ТА – «METRO» гипермаркеті бағыты бойынша жүретін № 71 бағдарында жаңа ыңғайлы «Iveco» маркалы автобустар қызмет көрсететін болады.
Сондай-ақ, № 71 бағдары үлкен көлемді автобустармен қызмет көрсетілуіне байланысты, бағдардың жүру сызбасы өзгереді.
«Көктал-2» ТА бастапқы нүктесінен Жұмабаев пен Обаған көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай Жұмабаев көшесімен тура - солға Балқантау көшесіне, одан ары ағымдағы сызбаға сәйкес.
Кері бағытта ағымдағы ұқсас қозғалыс үлгісі бойынша.
Сондай-ақ, 16 қарашадан бастап «Достык» ОДО – стела «Звезда Астаны» бағытындағы № 18 бағдары  бойынша автобустар саны 16-дан 20-ға көбейеді, қатынау жиілігі 11 минуттан 9 минутқа дейін қысқарады.


Серіктестер