Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:18

Пхенчханде Қысқы Олимпиада ойындары – 2018 ашылу салтанаты басталды

09.02.2018



Алматы. 9 ақпан. ҚазТАГ – Пхенчханде Қысқы Олимпиада ойындары – 2018 ашылу салтанаты басталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
Қазақстан командасының туын ұстаушы әрі капитаны шорт-трекші Абзал Әжғалиев.
Қазақстан құрамасы Олимпиада-2018 қатысуға 57 жолдамаға ие болды. Негізінен лицензиялардың көбі шорт-трекшілер мен коньки спортында – 12 лицензиядан.  
Олимпиада ойындары бағдарламасы  қысқы спорттың 7 түрінен тұратын 15 қысқы спорттан тұрады. 3 коньки спорты (мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру спорты және  шорт-трек), 6 шаңғы спорты (тау шаңғысы спорты, шаңғы спорты, фристайл, шаңғы қоссайысы, трамплиннен секіру және сноуборд), спорттың 2 бобслей түрі – бобслей және скелетон, және спорттың тағы 4 түрі: биатлон, керлинг, хоккей, және шана спорты.
Бұл ретте халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) ойындар -2018 бағдарламасына 6 жаңа түрді қосты: сноубордтағы биг-эйр (ерлер мен әйелдер), конькимен жүгіру спортындағы масс – старт (ерлер мен әйелдер), керлингтегі дабл-микст және тау шаңғысы спортындағы командалық жарыстар. 2 түрі алынып тасталды – сноубордтағы параллельді слалом (ерлер мен әйелдер).
Осылайша, Сочи-2014-пен салыстырғанда спорттың түрлерінің жалпы саны 4-ке көбейіп, 102-ні құрады.  
  Пхенчханде   92 ел таныстырылады. Бірден 6 ел Қысқы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр: Косово Республикасы, Малайзия, Нигерия, Сингапур, Эквадор және Эритрея.
ХХІІІ Қысқы олимпиада ойындары 25 ақпанға дейін жалғасады.

Серіктестер