Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
17:32

Қытай Таяу Шығыстағы әскери қатысуын арттыруға ниетті

09.01.2018 Алматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ - Қытай Таяу Шығыстағы әскери қатысуын арттыруға ниетті, деп хабарлайды Lenta.ru.
«Қытай шетелде өзінің әскери құрылымын ұлғайтуды және Пәкістанда әскери-теңіз базасын құруды жоспарлап отыр. Бұл Қытай флотының екінші шетелдік базасы болады. Біріншісі 2016 жылдың тамызында Джибутиде АҚШ базасының қасында орналасқан. Пәкістандағы база Араб теңізіндегі стратегиялық ұстанымға ие Гвадар портында салынатын болады.
Бұл әлемдік сауда үшін маңызды Ормуза бұғазындағы «есік» ретінде қызмет етеді, - деп мәлімдеді бүгін Қытай Халық-азаттық армиясына жақын дереккөз.
Гвадар 2017 жылдың қараша айынан бастап 43 жыл бойына Қытайдың мемлекеттік Overseas Port Holdings компаниясының басқарылуына берілді және Қытайдан коммерциялық жүктерді өңдейді.
«Бұл Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізінің жобасы мен «Жібек жолы» жобасының басты бағыты. Қытай сарапшылары Пәкістан порттарында кіретін қытайлық сауда кемелерінің күш қолдауына мұқтаж екенін айтады. Гвадардағы портты салу үшін $ 622 млн бөлінеді», - делінген хабарда.

Серіктестер