Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
19:05

Алматыда бірқатар көшелер біріктіріліп, шамамен 120-ға жуық көше қайта аталынады

13.11.2017 Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ – Алматыда бірқатар көшелер біріктіріліп, шамамен 120-ға жуық көше аттары өзгертіледі. Бұл туралы ҚР электронды үкіметтің порталы хабарлады.
Әкімдіктің тиісті қаулысы мен VI шақырылымдағы Мәслихаттың шешімі Алматы қаласы ономастикалық комиссиясының 2017 жылғы 10 қарашадағы қорытындысының негізінде қабылданды.
Алматы қаласының Алатау, Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб, Наурызбай аудандарының әкімдері, «Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі», «Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы», «Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы» осы шешім мен қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдау керек», - деп дүйсенбіде жарияланған құжатта айтылған.
Жарлыққа сәйкес, мұндай көшелер Алматыда, мысалы, Хан-Шатыр, Бағаналы Орда, Нұрлы Жол, Нұр Әлем, Нұр Сай, Нұрлы тау пайда болады. Тізімдегі көшелердің басым көпшілігі Қазақстанның белгілі тарихи тұлғаларының құрметіне аталды - мысалы, Талғат Бигелдинов, Құдайберген Сұлтанбаев, Сергей Калмыков, Герольд Бельгер және Кенесары Хан атымен аталатын көше пайда болады. Сондай-ақ табиғи-географиялық атаулары бар көшелер - Қарлығаш, Шағала, Бозторғай, сондай-ақ Аягөз, Тамшыбұлақ және Қойлық болады.
«Осы «Алматы қаласының көшелерін қайта атау туралы» Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген құжатта.

Серіктестер